Жанкелдин ауданы, Көлқамыс ауылының еңбексүйгіш азаматы

Еңбек — бәрін жеңбек

“Еңбек – елдің арқауы” демекші, биылғы жыл – қарапайым жұмысшылар мен еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге арналған ерекше жыл. Ел Президенті жариялаған «Жұмысшы жылы» қоғамдағы еңбек адамының рөлін айқындап, адал еңбектің құндылығын дәріптеуге бағытталған. Осы орайда, аудандық газет беттеріне түрлі салада маңдай терін төгіп жүрген жандар жайлы бір қатар мақалалар жарық көрді. Мамандық көп. Дегенмен жасаған жұмыстары айтылып, қиындығы көзге көп көріне бермейтін маман иелерін насихаттау біздің міндет.Бүгінгі мақаламның кейіпкері еңбек адамы, Көлқамыс ауылының «Сма-К» шаруа қожалығының механизаторы Серікбол Төлеміс.

Серікбол Төлеміс 1989 жылы Көлкамыс ауылында дүниеге келген. Балалық шағы мен жасөспірімдік жылдарын ауылдың қарапайым орта мектебінде өткізген ол, алғашқы білімін Айса Нұрманов атындағы негізгі мектептен бастаған. 9 сыныпты тәмамдап, кейін 10-11 сыныпты Еңбек Савхозындағы Албарбөгет орта мектебінде жалғастырды. Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы институтқа сырттай оқуға түсіп, экономика және құқық негіздері мамандығы бойынша білім алған.

Мектеп қабырғасын тәмамдаған жылдар оның өмірлік ұстанымдары мен еңбекке деген сүйіспеншілігін қалыптастырған маңызды кезең еді. Бала күнінен ауыр техиналарға деген қызығушылығы аталмыш саланың маманы болуға себеп болды.Мектеп қабырғасын аятағаннан соң шаруа қожалығында көмек көрсетіп ауыр техникаларды меңгеріп үйренген. Кейін 2009 жылы тұрақты жұмысқа тұрып шаруашылықтық бар жұмысына қолғабыс етті. Жазда шөп шауып, қысты күні малдың жем шөбін тасып үлкен техникаларда тынбай жұмыс жасап келеді. Тек механизатор емес, істен шыққан көлікті өзі жөндеп машықты механик болып қалыптасқан.

«Механизатор қызметі – бұл тек техникамен жұмыс істеу ғана емес, ол үлкен жауапкершілікті, дәлдік пен табандылықты талап ететін мамандық. Оқыған мамандығым құқық негіздері болсада ол салада жұмыс жасамадым. Бала күнімнен машиналарға деген қызығушылығым жоғары болды.Онің ішінде үлкен, ауыр техникаларды жүргізген ұнайтын. Міне , қазір сол кәсібім өмірлік азығыма айналып отыр. Механизатор болып жүргеніме де 16 жылдан аса уақыт өтті. Техниканың қыр сырын меңгеріп, жөндеу жұмыстарында өзім жүргізе беремін. Механизатор ең қажетті мамандық, қазіргі жастар дұрыс мамандық таңдамайды. Бәрі кеңседе қызмет еткісі келеді.Дегенмен ауыр болсада жұмыссыз қалдырмайтын мамандықты таңдаған дұрыс деп санаймын. Еңбегім бағаланып, елдің алғысын арқалап жүрмін, жұмысымда жаныма жайлы,»-дейді жас механизатор.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар

Редактор

Recent Posts

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

10 часов ago

Торғайда әке жолын қуған полиция капитаны

Әлім Бақытжан Әлімнің кәсіби жетістіктері жоғары бағалануда. (далее…)

1 день ago

Торғай өңірінен басталған бірегей тәжірибе

Қазақстанда соңғы бес жылда балалар құқығын қорғау мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласында заңнамалық деңгейде…

1 неделя ago

Торғайдағы ағаш көпір халықтың несібесіне айналды

Торғай өзенінің бойында орналасқан, ғасырға жуық тарихы бар ескі ағаш көпір осыдан екі жыл бұрын…

2 недели ago

This website uses cookies.