Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды.
Жиында Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алуға бағытталған екі іс-шара бойынша жұмыстардың әлі басталмағаны айтылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нәзірәлі Селимовтің мәліметінше, өңірде су тасқынына қарсы барлығы 52 іс-шара жоспарланған. Оның 27-сі орындалған, тағы 10-ы іске асырылу үстінде. Ал қалған 15 іс-шара бойынша жұмыстар әлі басталмаған.
Атап айтқанда, Жангелдин ауданының Саға ауылында су өткізуге арналған темірбетон құбыр орнату және Сарыөзен өзенінің су тасқыны кезінде қауіп төндіретін ағысын жабу жоспарланған.
Бекітілген жоспарға сәйкес, бұл жұмыстар 2026 жылдың үшінші тоқсанында аяқталуы тиіс болған. Алайда белгіленген мерзімде жұмыстарға кірісілмеген. Осыған байланысты іс-шаралардың уақытылы орындалмау қаупі туындап отыр.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, аталған жұмыстарды 2026 жылғы 26 қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар, Жангелдин ауданы облыс көлемінде қолданыстағы қорғаныс бөгеттерін қосымша нығайту көзделген аумақтардың қатарында. Бұл жұмыстар елді мекендерді су басу қаупін азайтуға және көктемгі су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Дегенмен, бірқатар нысанда жұмыстардың әлі басталмауы бекітілген жоспардың орындалу мерзіміне қатысты мәселе туындатып отыр.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ,
Сурет облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округіне қарасты Тәуіш ауылында жаңа спорт-сауықтыру кешені ашылды. (далее…)
Жангелдин ауданында елге сыйлы ардақты ана, «Торғай қызы» әніне арқау болған Күнжамила Есекейқызының 90 жылдық…
This website uses cookies.