Көрермендерге жол тартты
І.Омаров атындағы Қостанай облыстық Қазақ драма театрының ұжымы гастрөлдік сапармен ауданға келді. Олар қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойы қарсаңында заману форматағы «Міржақып» спектаклін Торғай жұртшылығына ұсынды.
М.Дулатұлының шығармаларынан сыр шеткен қойылым көрермендердің жүрегінен жол тапты. Инсценировка авторы және режиссері – республикалық және халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты, Асанәлі Әшімов атындағы сыйлықтың иегері Гауhар Адай.
«Спектакл көңілімізден шықты. Міржақып атамыздың қазақ үшін өлім бәйгесіне басын тігіп, азаттық жолында құрбан болған сәттерін театр әртістері нақышына келтіріп сомады. Ерекше көңіл күйде болдық. Тіпті көзімізге жас алдық. Тебіреністен толқыған сәттерімізді жасыра алмай жанарымыз жасқа малынды. Азаттықтың жолында азап шеккен тұлғалардың бар өмірі көз алдымызға елестеді. Бұның барлығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ерекше әсерде болдық. Театр ұжымдарына алғысымыз шексіз», – деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов.
Сахна суретшісі белгілі сценограф, ҚР суретшілер одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» Гүлдана Алина. Спектакльдің кеңесшісі: ҚР Көркем Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығының тұңғыш лауреаты, Міржақыптанушы Марат Әбсеметов Оралбайұлы.
Өнер сүйер қауым театр ұжымына рзашылықтарын білдіріп, орныдарынан тік тұрып қол соқты. Бұл Торғай елінің келі өнерге деген шексіз құрметі.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.