Ынтымағы бар ауылдың, түтіні түзу шығады

Шалғайдағы Милісай ауылы бәсекеге қабілетті ауыл атанып, көш басын түзеді

Қазіргі жаһандану кезінде ауыл экономикасы дамымаса бәсекеге бәс тігу құр бекершілік боларын жақсы білеміз.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы арқылы ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді. Ендігісі өз қолымызда. Ата – бабамыздан қалған ұлттық құндылығымыз бір басқа, ел мен жердің қадір қасиетін түсіну бір басқа. Бүгінгі күні болашағы бұлыңғыр ауылдар бар деген сөзді жиі естиміз. Осы сөзді ести тұрып, намысқа тырысудың орнына, жігерімізді құм қыламыз.

Алға талпынбай шабан аттай шегіншектей береміз. Осыдан барып, ауылдың әлеуметін былай қойғанда, экономикасының құлдырауына жол ашамыз. Сайып келгенде ауыл тұрғындары туған жерлерін тастап, басқа қалаларға қоныс аударып, елде қалған ағайындардың болашағына еш алаңдамайды. Өз бастарының қамы үшін өзге жерге барып қоныстанады. Солардың кейбірінің күйбең тірлігі ауылдық  адамдардан төмен болмаса, байлыққа кенелді деп естімеппін. Бәсекеге қабілетті ауылдардың бірі Милісай ауылы десем қателеспеймін. Себебі, ол ауылдағы ағайындардың тірлігі мен бірлігін көріп, қатты қуандым. Кезінде мал және егін шаруашылығымен дүркіреп тұрған бұл елді – мекеннің халық саны азайып, амалсыздан көршілес Шилі ауылдық округінің еншісіне  айналды. Совхоз кезінде алдыңғы қатарда бой түзеп жүрген  Милісай көршілес Шиліге бағынышты болдық деп енселері түскен жоқ. Керсінше, қалай болғанда да халық санын көбейтіп, сол ауылдың деңгейіне жетеміз деген мақсаттары айқын. Сол біттеген мақсат үшін қазіргі кезде жоспарлы жолмен жүріп келеді. Соңғы екі жыл ішінде Қызылорда облысынан алты отбасыны көшіріп әкелген. Айтпақшы, С.Мәуленов атындағы орта мектебіндегі оқушылардың саны күрт төмендеп кеткендіктен негізгі мектепке айналуы тиіс болатын. Мектеп дәрежесін өз деңгейінде сақтап қалу үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Толқын Әбдірахманова  өзіне тыным бермей, далаға да қалаға да жүгірді. Тынымсыз еңбек нәтижесін берді. Көшіп келген алты отбасындағы бала саны жиырма төртке жетті. Ата – аналары жұмыспен қамтылды. Жомарттық пен мәрттіктің үлгісін жалғай білген ауылдық ағайындар әр отбасыға төрт – бес бастан ұсақ және ірі қара малдарынан жәрдемдескен. Жағдайлары өте жақсы. Тірліктеріне тамсанып таңдай қағуға әбден лайықты. Оларды көшіріп алып келу үшін, ауыл тұрғыны,  “Баракат” шаруа қожалығының басшысы Қайрат Дильханов біраз еңбек сіңірген. Сыртта жүрген, ауылдағы азаматтар қор ашып, қаражат жинаған. Ол қаржыны қоныс аударып келген отбасылардың игілігіне жұмсаған. Ауылда қаңырап иесіз қалған үйлерді сатып алып, талапқа сай жөндеу жұмыстарын жүргізген. Елден көшіп жатқан адамдар үйлерін тегін беріп кеткен. Азық – түлікпенде көмек көрсеткендер де болған. Екі жыл бойы қыстық отындарын ауыл тұрғындары мойындарына алған. Қысқы мал азығын сол елдің тумасы Ғарифолла Әбдірахманов дайындап, тегін тасып берген. Ал, қазір сол адамдардың 7-8 бас ірі қара, 10 – ға жуық ұсақ малдары бар. Балаларының еңбек сүйгіштігіне қарап сүйсінесің. Ауылда отырып, мал ұстамай үкіметтің жәрдемақысына ғана күнелтіп отырған ағайындарға осы отбасылар үлгі болды. Үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жасап, бір жерден ғана жағатындай етіп, жылу жүйесін жүргізген. Жуынатын бөлме, әжетхана үйдің ішінде. Монша салып алған. Жерасты құдық қаздырып, арнайы су соратын құрылғымен үйлеріне су құбырын тарқызған. Жылы суға қолдарын батырып, қаладағы тірлікпен таразы басын теңестірген. “Жақсыны көрмек үшін”, –  дейді дана халқымыз. Мен көзіммен көргенді жаздым. Сөзіме күмәнданатын болсаңыздар, шындыққа көз жеткізіп барып қайтуларыңызға болады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

13 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.