Тасқын судың зардабын шеккен шағын ауылдың тұрғындары үйсіз қалды.
Ынтымағы жарасып, бірлігі ұйысқан ауыл тұрғындарының берекесін кетірген табиғи апат көптеген шығын келтірді. 15 үй және бастауыш мектеп судың құрсауында қалды. Құдай бақ бергенде адам шығыны жоқ. Тұрғындары уақытылы қауіпсіз жерге көшірілді. Баспанасыз қалған жеті отбасыға уақытша киіз үй берілді. Олар мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп, жаңадан үй салғанша, осы қазақы үйді паналайтын болады.
-Ауыл халқы табиғи апат кезінде қатты қобалжыды. Алдын- ала қауіпсіз жерге көшіру жөнінде аудан әкімдігінің тарапынан тапсырма келді. Су басу қауіпі бар елді мекендерді дер кезінде қауіпсіз аймаққа көшірдік. Мал шығыны болуы тисті. Бірақ, әлі күнге қолымызда нақты деректер жоқ. Аудандық ветеринария саласының мамандары осы мәселені анықтап жатыр. Тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы біржолғы көмек беріледі. Ол үшін тұрғындар қажетті құжаттарын дайындап, тапсыратын болады. Үйсіз қалған адамдарға мемлекет басшысы материалдық және қаржылай көмек береміз деп Қазақстан халқына Үндеу жариялады. Сондықтан Түйемойнақ елді мекенінің тұрғындары үкімет тарапынан қолдау табатын болады. Қазіргі таңда су деңгейі төмендеп, қауіп сейілді. Осындай сәтте қолдау көрсеткен ауыл тұрғындарына айтар алғысымыз шексіз, – дейді ауыл әкімі Жарқын Сабыржан.
Киіз үйлер арнайы «Біз біргеміз» қорының атынан ауылдық ағайындарға келген көмек. Қиналғанға жәрдемдесетін елім деген азаматтар көп болсын.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.