Торғай ауылының әкімі Кеменгер Қарағұл 2020 жылы атқарылған жұмыстарынының есебін берді.

Карантиндік шектеулерге байланысты, есеп беру жиыны “Facebook” әлеуметтік платформасы арқылы онлайн режимінде өтті

Статистикалық мәліметтер бойынша Торғай ауылында 4284 адам тұрады. Оның ішінде экономикалық белсенді топқа 2751 адам жатады екен.  2020  жылы 90 сәби жарық дүние есігін ашқан. 543 зейнеткер, 102 мүмкіндігі шектеулі жандар  бар. 63 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті уақытылы алып отырады. Жыл ішінде 91 адам қоғамдық жұмысқа тартылған. Жастар практикасынан 16 жас маман өткен. Торғай ауылы бойынша  2 базар,           44 дүкен, 8 дәмхана,  2 қонақ үй кешендері, 1 жихаз жасау цехы, 3 шаштараз, 1 сұлулық салоны, 2 жанар май құю станцалары, 2 газ құю бекеті, 1 компьютер жөндеу орталығы қалыпты жұмыс жасап келеді. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында “Еңбек”, “Игілік” бағдарламаларына 14 тұрғыны қатысып,  39 млн 260 мың көлемінде несие алған. Жаңа бизнес жобаларын іске асыру үшін  555 600 теңгеден дейін   4 адамға 2 млн 222 мың 400 теңге қайтарымсыз несие берілген.

Торғай ауылы бойынша былтырғы жылы бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Облыстық, республикалық бюджеттерден қаржы бөлініп,              5 көшеге асфальт жабындысы төселді. Жаяу жүргіншілер жолы салынып, темір шардақтар орнатылды. Орталық  алаңдағы, көше  бойларындағы  белдеулер,  қоршаулар, шарбақтарға толығымен ағымдағы сырлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қараусыз қалған үйлер  ақталып, сырланды. Бүкіл қазақстандық бірегей ағаш отырғызу күніне  орай  250 түп  көшет ағаштары отырғызылған. Ауыл көшелерін жарықтандыру бағдарламасы бойынша 8 128,0 млн теңге қаралған. Бөлінген қаржы электротехникалық тауарлар сатып алуға мақсатты жұмсалған.  Өткен жылғы есеп беру жиынында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс – пікірлер толығымен орындалған.

Мәселен, Құлжановтар және Мәуленов көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізген уақытта көшелердің қиылысындағы бұрынғы 1 метрлік су құбырының орны ауыстырылды. Мәуленов көшесінің қарсы бетіндегі 0,5 метрлік су құбыры жаңадан салынды. Ағаш көпірді жөндеу үшін ауыл әкімдігінің балансына алу мақсатында жүргізілген жұмыстар оң нәтижесін берген. Алдағы уақытта  күрделі жөндеу жүргізіледі деп күтілуде. Жиын соңында ауыл әкімі Кеменгер Қарағұлұлы уақыт еншісіндегі ауқымды жұмыстарға тоқталды. Бұзылған үйлердің орындарын тегістеу жұмыстары жалғасатын болады.

“Жастар”  саябағына  абаттандыру жұмыс жоспарында бар. Көшелерді жарықтандыру мәселесі күн тәртібінен түспейді. Ауыл шаруашылығын қолдау және кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға жергілікті тұрғындарды қатыстыру үшін насихат жұмысы жүргізілетін болады. Әлеуеметтік желі арқылы қойған тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Аудан әкімі Шота Оспанов ауыл әкімінің жыл бойына атқарған жұмысына қанағаттанарлық бағасын берді. Келешекте жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, ауылдың гүлденуіне, экономикасының дамуын зейін қойып, басымдық бағытта қызмет жасауды тапсырды.

Байбатыр  АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.