Тасқын судан қауіптенген халықтың қорқынышы сейілген жоқ

Тәуіш ауылының тұрғындары алаңдаулы

Апат айтып келмейді. Елдің еңсесін түсірген тасқын судың зардабы әлі тарқар емес. Күні кеше әлеуметтік желі арқылы «Қоңыраулы» өзені тасып жатыр деген ақпарат тарады. Мұны естіген Тәуіш ауылының тұрғындары бірден іске кірісті. Ауылдағы ер адамдар жұдырықтай жұмылып, қолдарына күрек алып, төрт жерден су жырған «Қисық қарасу» бөгетін қорғап қалу үшін бар күштерін салып жатыр. «Қайыра келе жатқан судың қарқыны қатты» деп дабыл қаққан әуесқой түсірілімнің авторы елдің үрейін ұшырып қойды. Осы орайда, аудан әкімдігінің берген мәліметінде, бөгеттің бұзылған жерлері қалыпқа келтірілген. Сондықтан аса қауіп төнбейтіндігін алға тартты.

– Екі күннен бері бөгеттің қауіпсіздігін қадағалап отырмыз. Қара жұмысқа төзімді ауыл азаматтары бірігіп, тосқауыл қоюдамыз. Қаптарды құмға толтырып, қолымыздан келгенше бөгеу жұмыстарына жедел кірісіп жатырмыз. Ең бастысы елдің амандығы. Сондықтан қолымыздан келгенше, судың алдын бөгеп, елдің қорқынышын бассақ дейміз. Су қарқыны аздап басылғандай. Бірақ, шарасыз күйде отыруға да болмайды. Сақтық шараларына мығым болуымыз керек. Қосымша көмек қажет болса, аудан орталығына жүгінеміз. Ауыл халқы сабыр сақтап, қолдау көрсетіп, демеу болады деген ойдамын, – дейді ауыл әкімі Бақыт Төлебаев.

Тасқын су да тілсіз жаудың қатарында. Әрбір сәтті жіті қадағалап, қауіпсіздік шараларын қамту керек. Егер су қарқыны күшейіп, бой бермейтін болса, Тәуіш ауылының тұрғындары қауіпсіз аймаққа қайтадан көшірілетін болады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.