Categories: Без рубрики

Жобаға келіп – бақ сынаңыз

“Болашаққа бағдар: Рухани  жаңғыру” бағдарламасы   аясында  талантты, өнерлі, ерекше қабілетті балаларды таныту және болашақ  өнерпаздарды насихаттау мақсатында,  Н.Ахметбеков  атындағы  мәдениет   үйінің  ұйымдастыруымен “БҮГІН ҚОНАҚТА…” атты  балаларға арналған шоу бағдарламасы өткізілуде.  Бағдарламаның талаптары  бойынша 4-9 жас аралығындағы қыз және ер балалар қатыса алады

Қатысушы өзі жайлы бейнекөрсетілімдер дайындап, әкелу керек. (Отбасымен,сүйікті   ісімен, мектептен тыс үйірме барысында т.б)

Қатысушы бағдарламаға өз отбасымен, қолдаушыларымен келуге болады және  бағдарлама соңында  өз өнерлерін көрсетеді. ( Ән немесе би ыңғайлы киімін,музыкасын, сурет немесе басқа да шығармашылық болса қосымша заттарын алып келуі  тиіс)

Бағдарлама  негізгі бекітілген жоспар  бойынша  қаңтар-желтоқсан айлары аралығында, әр сәрсенбі күні өткізіледі.  Қазіргі  таңда жыл басынан бастап  бағдарламаға  3 қатысушы келді. Олар: Перизат  Нұрланқызы, Адия Мұратбекқызы  және Мылтықбай Есенбай  . Қатысушылардың барлығыда өнерлі, талантты әрі пысық  балалар.  Оған дәлел, бағдарлама  жүргізушісі Фариза Бүркітбай  қойған  сұрақтарына  мүдірмей, қызықты етіп жауап  беріп отырды. Әр сәрсенбі күнгі түсірілімді бейсенбі  күні @culture_jangeldin инстаграм  парақшасынан тамашалай аласыздар. Бұл жоба жас өнерпаздарды өнерлерін бағалауға, бойында қабілеті бар балалардың    өнерін шыңдауға, болашақ   таланттарды насихаттауға  бағытталған  ауқымды  жоба.

Құрметті аудан тұрғындары!

«БҮГІН ҚОНАҚТА…» жобасына қатысамын деген  балалар болса міндетті түрде хабарласыңыздар!

Жаңа жоба-жаңа белестерді бағындыруға арналған!

Байланыс тел: 871439 26653; 87781371989.

  Гүлсезім РАИСОВА

Н.Ахметбеков атындағы мәдениет

үйінің мәдени  ұйымдастырушысы

Редактор

Recent Posts

Жангелдин: Тәуіште жол бойындағы дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын

Жангелдин ауданына қарасты Тәуіш ауылында жол бойындағы жаңа дәмхананың құрылысы аяқталуға жақын. Құны 70 миллион…

1 день ago

Арбадағы өнерпаз Торғай жұртына рухани кеш сыйлады

Өзінің және анасының еміне қаражат жинап жүрген Азамат Құрманбекұлы халыққа рухани демеу беріп, өмірге деген…

3 дня ago

Торғай өңірі: Қаратүбек мектебінде Республика күніне арналған онкүндік өтуде

Қостанай өңіріндегі Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінде 25 қазан – Республика күніне орай осындай тақырыппен…

6 дней ago

«Торғай» құрамасы «SUPER LIGA» жартылай финалында

Жақында Қостанай қаласында облыстық «SUPER LIGA» Жайдарман ойындарының жартылай финалы өтті. (далее…)

1 неделя ago

«Албарбөгет» бөгетіне көпфакторлы тексеру жүргізіліп жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар су…

1 неделя ago

This website uses cookies.