Жанкелдин ауданы Саға ауылының тұрғындары үйлеріне оралды

Қуанышпен қауышқан жанұялардың жүзі жарқын.

Су тасқыны кезінде қауіпсіз аймаққа көшірілген Саға ауылының тұрғындары отбасыларымен қауышып, мәз-майрам болды. 10 күннен артық Арқалық қаласында болған сағалықтар ауылдың хош иісін аңсап, «Өз үйім өлең төсегім» деп сағыныштарын басуда.

-Бүгін Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Әбенов өзі тікелей басшылық жасап, тікұшақпен тұрғындарды ауылға алып келді. Арқалық қаласынан ауыл тумалары арнайы ГАЗель автокөлігімен Тоқанай ауылына жеткізді. Одан бері қарай арнайы тікұшақпен келді. Қарт кісілер мен балалар ауылда қалған адамдармен құшақ жайып қауышты. Қысылғанда көмек қолын созған облыс, аудан басшылығына және елдің тумаларына шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Енді елімізде табиғи апат болмасын. Қашанда бір-бірімізге көмек беретін халқымыз бен бауырларымыз аман болсын. Дәл осындай бірлігіміз тарқамасын, – дейді ауыл әкімі Қайсар Нұрғазин.

Қазіргі уақытта бірқатар ауылдардағы тасқын су қауіпі сейілді. Тек Тәуіш аулындағы ахуал күрделеніп барады. Әлі күнге тасқын судың әлегімен арпалысып жүрген жергілікті халық билік өкілдері күш жұмылдырып, қарсы тойтарыс қоюда. Бірақ, дес бермеген су қарқыны тас Арқалық бағытына баратын тас жолды жырып кетті. Соның салдарынан күні бүгінге дейін жол қатынасы жоқ.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.