Жанкелдин ауданына қарасты ауылдарда электр жарығы жоқ

Ауыл тұрғындары майшамға телміріп отыр

Қарқыны қатты тасқын судың салдарынан бірқатар ауылдар күні бүгінге дейін жарықсыз отыр. Яғни, Жангелдин ауданына қарасы 22 елді мекеннің ішінде 10 ауылда электр жарығы өшкелі қашан. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желі арқылы дабыл қағып, облыстық басқрамаға шағымданды. Бірақ, бұның барлығы қолдан жасалмағандығын біле тұра шу көтерген ауылдық ағайындар 21 ғасырды айтып, ашуға булыққан сыңайлы. Электр жарығын былай қойғанда 9 ауылға жол қатынасы болмай тұр. Ал, жарықтың өшкендігіне су ортасында қалып, құлаған электр жоғары вольтты бағандары себеп бола алады. Облыстық басқарма басшыларының айтуынша, электр жүйелеріне құрылыс-монтаж жұмыстары жасалып жатыр. Ақауларды жоюға судың деңгейі кедергі келтіруде.

Қостанай жөндеу сервисінің бас инженері Уәлихан Сағындықов алдағы аптада электр жарығын қалыпқа келтіру үшін білек сыбана кірісетіндігін алға тартты. Қазіргі уақытта аудан көлемінде ұялы байланыс пен интернет желісі де ахуалы мәз емес. Мамандардың мәліметінше, Ақшығанақ, Тәуіш, А.Байтұрсынұлы, Ақкөл ауылындарында ұялы байланыс желісі істен шыққан. 5 сәуір күні Ақкөл мен Ахаң ауылына генератор арқылы байланысты қосқанымен нәтижесі болмаған. Өйткен, Шөптікөл елді мекенінде тұрған байланыс мұнарасы істен шыққан. Бұған кедергі электр бағандарының құлауы. Қысқасы, электр қуаты болмай қос ауылда ұялы байланыс пен интернет желісі болмайды. Ендігі мәселе Торғай – Арқалық бағытындағы тас жолдың жыры бітер емес. Қанша күш құрылымдары жұмылдырылғанмен қарқыны қатты тасқынға қарсы тұра алмады. Тас жолды қақ айрып, жол қатынасын үзді.

-Әр бағыт бойынша жүретін күре жолдардың жағдайы жақсы деп айта алмаймын. Жанкелдин ауданы бойынша Көкалат – Көлқамыс, Тоқанай – Саға – Бидайық, Ақшығанақ, Шилі, Шұбалаң – Ақкөл ауылдарына кіре беріс жолдарына су өткізу құбырларына және жолды жөндеу жұмыстары бойынша жобалық сметалық құжаттамалар есептелді. Алдымызда көптеген жұмыстар тұр. Су деңгейі төмендеп, қарқыны бәсеңдегесін құрылыс-монтаждарын уақытыл жүргізетін боламыз, – дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Айбар Сейтқазиев.

Бүгін аудан әкімдігінде күрделенген мәселелердің жолын қарастыру үшін жиын өтті. Аудан әкімі Шота Оспанов жоғарыда айтылған бірқатар мәселелерді негізге ала отырып, жауапты мекеме басшыларына тапсырма берді.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.