Жанкелдин ауданының тұрғыны жоғары дәрежелі марапат иесі атанды

Машықты маман еңбегі бағаланды

Статистикалық  мәліметтерге  сүйенсек,  әлемде 50-ге  тарта  мамандық  бар
Әр  бір  мамандықтың  өзіне  тән  қиындығы мен  қызығы  қатар  жүреді. Көп  аталып  жүретін  сала  иелерінің қандай  қызмет  атқаратынын  айтпасаңда  атынан  білуге  болады. Десекте, жұмыстары  көзге  көп  көріне  бермейтін  «фитапотолог»  мамандығы  жайлы  көп  ести  бермейміз.
   Мақалама  арқау  болған Арайлым  Ерденова «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қостанай облысы Жангелді аудандық филиалының  білікті  «фитопатолог» маманы. Өсімдік және  егін шаруашылығындағы  зиянкестермен ауруларын бақылап, қадағалау  жұмыстарын  жүргізеді. Білікті  маманның  нәтижелі  жұмысы жоғарғы  марапаттар  алуға  себеп  болды. Жақында  сала  иесі, ауыл  шаруашылығы қызметкерлерінің  салалық  кәсіптік  одағының   II дәрежелі «Еңбек  даңқы» төс белгесімен  наградтталды.   2021 жыл Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» Республикалық мемлекеттік мекемесі құрмет грамотасымен, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының 2022 жылғы «20»қазан №23п.1 Атқару Комитетінің қаулысымен 3 дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен марапатталған.
    Арайлым Болатқызы 1990 жылы 24 тамызында Аманкелді ауданында дүниеге келген.Аманкелді ауданы Б.Қолдасбаев атындағы орта мектептің  түлегі. 2004 жылы 9-шы сыныпты аяқтап, Арқалық қаласындағы Торғай аграрлық техниакалық колледжіне Фермер-Менеджер мамандығына оқуға түсіп, 2007 жылы  оқуды аяқтап орта арнаулы дипломын  қолына  алып  елге  қызмет  етуге  келде.  Сол  жылы  алғашқы еңбек жолын ЖШС «Аманкелді жол» мекемесінен жастар практикасынан бастаған. Отбасын  құрып,  Торғай  жеріне  келін  болып  түскен  Арайлым  бүгінде  екі  перзенттің  анасы.  Жолдасы  өрт  сөндіру бөлімінің  қызметкері. 2020 жылы ҚР АШМ АӨК «РФД және БӘО» РММ Қостанай  облысы  Жангелдин  аудандық  филиалына  уақытша энтомолог лауазымына жұмысқа қабылданады. 2021 жылы фитопаталог  лауазымына  ауысып, бүгінгі  күнге  дейін  жұмыс  жасап  келеді. 2021 жылы М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетіне оқуға түсіп, 2024 жылы агрономия мамандығы бойынша жоғарғы оқу орынын  тәмамдаған.
   Аталмыш  салада абыройлы  қызмет етіп,  елге  тамшыдай  болсын  үлес  қосу  Арайлым  Болатқызының  өмірлік  ұстанымы.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Сурет: кейіпкердің жеке парақшасынан алынды
Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

13 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.