Орталық алаңға мұз қалашықтар салынады
Жылдағы үрдіс бойынша орталық алаңда мұз қалашығы бой көтермек. Мекеме, кәсіпорын қызметкерлері жаңа жылдық қалашықтарды берілген тапсырма төңірегінде әспеттемек. Әр мекеме бір – бір қазақ ертегісінің кейіпкерлерін, аң – жануарларды мұздан немесе қардан бейнелеп жасайтын болапды.
«Биыл қар аз. Бірақ қар жоқ екен деп жылына бір келетін мереке де қалашықсыз отыруға әсте болмайды. Жуық арада барлық қалашықтар салынып бітеді. Мекемелерге тапсырма бердік. Қазіргі уақыта астынғы тұғырларын қардан қатырып жасады. Сәрсенбі күні қардан және мұздан мүсіндер жасалып, боялатын болады. Оның сыртында сырғанақ жасаймыз. Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз – ата мен Ақшақар қардан жасалған қақпаның екі жағына орналастырылады. Жаңа жылдық мерекенің жақсы өтуіне, халықтың көңіл күйін көтеруге бар күшімізді саламыз», – дейді аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов.
Осы аптаның соңына дейін орталық алаңның сәні кіріп, жасыл шырша шамдары жанатын болады. Барлық мекемелердің алдына мерекелік безендіру жұмыстары толығымен жүргізілетін болады. Әсіресе, адам көп шоғырланатын орталық алаңның жарық шамдары самаладай жарқырап, ерекше сән береді деген үмітеміз.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.