Жанкелдин ауданының өнерпаздары облыс орталығында өнер көрсетті

Торғайлық өнерпаздардың тартуы

Қостанай қаласының «Жастар» сарайында Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына орай, торғайлық өнерпаздардың ұйымдастыруымен «Туған жер үні» атты концерттік бағдарлама көрермендер назарына ұсынылды.

Торғай топырағынан нәр алып, киелі жерде өсіп өнген ел перзенттерінің, жырақта болса да елмен үнемі тығыз байланыста жүретін өнерпаздардың тоғысқан күні болды. Торғайдың ыстық сәлемін аңсай келген қостанайлық жерлестер ерекше қошеметпен құрмет көрсетіп, рухани демалып қайтты. Аталмыш концерт наурыз айында «Торғайдан сәлем» атты атаумен Астана қаласында өткен болатын. Алдымен қонақтарға қазақы дастархан жайылып, дәм ұсынылды. Сахна шымылдығы Торғай жерінен шыққан тұлғалар жайлы дайындалған бейне көрсетіліммен ашылды. Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі жанынан құрылған «Халық театр» әртістері «Туған жерге сағыныш» прологын көрермендер назарына ұсынды. Торғайдың әр перзенті дарынды. Б.Хамзин атындағы өнер ордасынан түлеп ұшқан төл перзенттері қазіргі таңда өнерден ойып алар орны бар өнер иелеріне айналды. Торғай сахнасында өнерге енді қадам басып, талай байқауларда елдің атын танытқан жас өнерпаздар, аталмыш концертте төбе көрсетіп, аудан әкімінің қолдауымен арнайы келді. Концертте елдің әр түпкірінде жүрген өнерпаздары бас қосып туған жерге деген сағыныштарын әсем әнмен көрермендердің жүректеріне жеткізе білді. Көптің сұрауымен «Ару қалам Қостанай» әнін, әннің авторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қостанай облысы компазиторлар Одағының мүшесі жерлесіміз Бақытжан Сәуекенов киелі сахна төрінде орындап, көрермендер қосыла шырқады

Кеш соңында аудан әкімінің атынан ықылас гүлі тарту етілді. Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Саят Жүсіпов жылы лебізін арнап, ризашылығын жеткізді. Қостанай облысы әкімінің алғыс хатын, Фариза Жоламанова, Дилара Қарекенова, Ражановтар отбасына табыстады. Облыстық мәдениет басқармасының алғыс хатымен Әділ Ақанов, Жәуке Оңдаған, Перизат Қалабайқызы марапатталды.

Аудандық мәслихат төрайымы Анар Ержігітова құттықтау сөз сөйлеп, елдің өнерін қолдай келген барша көрерменге алғысын білдірді. Аудан әкімі атынан «Жастар» сарайының басшысы Бағдат Оспановқа алғыс хат табыстады. Елге деген сағыныштарын басып, әуезді ән кешінен рухнаи демалыс алған көрермендер естелік суретке түсіп тарқасты.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.