Ел мерейін үстем қылды
Түркістан облысының Түлкібас ауданында «Тоғызқұмалақ федерациясы кубогіне» арналған III Ресубликалық ашық турнир өтті. Аталмыш жарысқа Қостанай облысынан төрт оқушы барып бақ сынады. Әр өңірден келген жас тоғызқұмалақшылар жоғарғы деңгейде тартысты ойын өрнегін көрсетті. Аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Жайна Алпысқызы отыз алты ойыншы арасында чемпион атанып, елдің мәртебісін асқақтатып келді. Бұл Жайнаның кезекті жеңісі. Қарсыластарына дес бермей, мықты тактикалық шеберлікпен бірнеше айналымнан сүрінбей өтіп нәтижесінде жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Жеңімпазға 70 мың теңгелік сертификат табысталды. Сонымен қатар үздік шәкірт тәрбиелеген Жайнаның жетекшісі, Қайрат Айтмағанбетовке 50 мың теңгелік сертификат берілді.
«Шәкірттеріңнің жеңіс тұғырынан көрінуі ұстаз үшін сөзбен айытып жеткізуге келмейтін сезім. Қазақстанның әр түпкірінен жиналған спортшылар арсында үздік атанған оқушымды жеңісімен құтықтаймын. Қандай шәкірт болмасын додоға түскенде қобалжып солармен бірге уайымдап жүресің. Жайна Алпысқызы жақсы ойын өрнегін көрсетіп қарсыластарын үлкен еңбектің нәтижесінде жеңді. Бұл әлі бастамасы, Жайнаның болашағынан зор үміт күтуге болады деп сеніммен айта аламын. Үздіксіз дайындық жасап, әлемдік аренада бақ сынайтынына сенімім зор»-дейді жетекшісі.
Он үш жасар жерлесіміздің әлі де талай додаларда бағы мен бабы қатар шауып, әлемдік деңгейде аты танылады деген сенімдеміз.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Білім мен біліктің сынға түскен алаңында торғайлық жас ұстаз Сымбат Кенжеғали жарқын жетістігімен көзге түсті.…
«Тұлпар мініп, ту алған!» жобасының жеңімпазы аудандық кезеңге жолдама алды. (далее…)
Қостанайда өткен «Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер» облыстық байқауында Жанкелдин ауданының командасы жүлделі үшінші орынды иеленді.…
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. (далее…)
Қарабатыр ауылында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Биылдыққа бұл шара ауылда үшінші рет өткізіліп…
This website uses cookies.