Тиянақты түсінік жұмыстары
Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, «Торғай-2024» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен «Ислам діні және қазақ дәстүрі сабақтастығы», «Жастардың рухани ізденісі және теріс ағымдар қаупі» тақырыптарыңда дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
«Оспанқожа әулие» мешітінің бас имамы Айдос Әбдісалықов пен бірлесе отырып, Жаркөл, Сужарған, Қалам-қарасу және Торғай ауылы жастарына кеңінен түсінік жұмыстары жүргізілді. Дөңгелек үстел барысында ислам діні жайлы кеңінен ақпарат беріліп, жат ағымдардан сақ жүру керек екені айтылды.
«Интернет желісін ашсаң дін жайлы ақпараттар, арнайы парақшалар өте көп. Десекте, оның қайсы дұрыс, қайсы бұрыс екенін біліп алмай жастардың көбі жат ағамның жетегінде кетіп жатады. Жастарға айтарым, әр жазбаға емес нақты жазылған ақпаратқа сенім білдірген жөн. Ақпарат қажет болса мешіттерге арнаййы барып, имамдардан кітапшалар алып, білмеген сауалдарын қойып, жауап алуға болады,» – дейді бас имам Айдос Серікұлы.
Аталмыш шараға аудандық ішкі саясат есебінен 500000 мың теңге қаржы қаралған. Жобаны «Торғай-2024» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Жансая Әнуарбек ұтып алып, жүзеге асырды.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.