Өнегелі өмір ұрпаққа аманат
Н. Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде қаржы саласының ардагері, ауданымыздың “Құрметті азаматы” Жұмахан Садуақасұлының 90 жасқа толған мерейтойына арналған “Елдің ер тұлғасы” атты тағылымды кеш өтті.
Кеш барысында кеңес үкіметінен тәуелсіздік алған жылға дейін ел үшін елеулі еңбек еткен еңбекжолы жайлы айтылды. Абыз қарияның өнегелі өмірі, елге жасаған шекісіз қызметі өскелең ұрпаққа үлгі әрі мол тәжірибе.
Тоқсан жасқа толған абыз қарияны аудан әкімі Шота Оспанов құттықтады.
“Торғай жерінің абыз ақсақалы Жұмахан Садуақасұлының өміржолы баршамызға үлгі. Тек қаржы саласында ғана емес ауданның ауылшаруашылық және салық саласында абыройлы қызмет істеді. Ұлағатты ұрпағы бар қарияның еш арманы жоқ. Адалдықтың ақ жолында жүрген абыз қария екі қоғамда да еңбек етіп, сүбелі үлес қосты. Осындай тұлғаны дәріптеп, өнегелі өміржолын жас ұрпаққа насихаттау баршамыздың басты борышымыз”- деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, қосымша жүрек-жарды тілегін алғыс хатпен жеткізіп, иығына шапан жапты.
Қаржы саласында қызмет етіп жүргенде мол тәжірибесін шәкірттеріне дәріптеді. Абыз қариядан тәлім тәрбие алған ізбасар інілері арнайы видео көрсетілім арқылы арнайы мерейтоймен құттықтады. Аудандық ардагерлер кеңесінің атынан Тойғанбол Нұрханов ізгі тілеген арнады.
Тағылымды кеш барысында әке туралы әуезді әндер көптеп айтылды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.