Жанкелдин ауданында жаңа жыл мерекесіне дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр

Қар қалашықтары

Асығып, сағына күтетін жаңа жыл мерекесіне де санаулы күн қалды. «Ескі жыл ескіресін, жаңа жыл жарылқасын» деп тілек айтатын күнде алыс емес. Жаңа жыл мекересінің басты сәні жасыл шырша мен қар қалашықтар.

Жылдағы әдет бойынша мекеме, кәсіпорын қызметкерлері бірігіп, орталық алаңға қар қалашықтарын жасауға білек сыбана кірісті. Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз ата мен Қарша қыздың бейнесін салу жұмыстары басталып кетті. Оның сыртында ертегілер әлемінен сыр шертетін қазақ мультфильмнің кейіпкерлері мен жан – жануарлардың мүсіндері бой көтеретін болады. Орталық алаңның сәні кіріп, жаңа дылға жаңа серпін береді.

Көп ұзамай жасыл шыршаның жарықтары самаладай жанады.

Аудан тұрғындары жаңа жыл мерекесін жақсы көңіл күймен қарсы алады. Дала сахнасында әуелеген ән, мың бұралған би, күмбірлеген күй ойнап, мерекенің көркін қыздырады. Қар қалашықтары сән салтанаттың мәнін жоймайтынына сеніміміз мол.

Байбатыр АХМЕТБЕК
Суретті түсірген: автор

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.