Көшенің сәні кірді
«Тірі адам тіршілігін жасайды» демекші, ауылдағы ағайындардың күнделікті істері мен күнкөрістері көңіл қуантады. Жеке кәсіппен айналысып, өңірдегі мал шаруашылығын дамытып отыр. Жазы қысы берекелі дастархандарынан қаймақ май, айран, қымыз жұбат үзілмейді. Ел игілігі үшін қолдан келген көмектерінде аянып қалған емес. Мәселен, күні кеше Тәуелсіздік күні қарасаңнда Ақшығанақ ауылының 1981 жылы туған азаматтары «Туған жерге тағзым» жобасы аясында көше жарықтарын орнатып берген. Мына суретке қарасаңыз көтерме жол бойында қаз – қатар тізіліп, машиналар келе жатқан сияқты. Бірақ олай емес. Бұл Ақшығанақ ауылының көшелеріне орнатқан замануи жарық шамдары.
«Менің ұсынысымды қолдап, аталған жұмыстардың жүзеге асуына белсенді атсалысқан 1981 жылғы ел тумалары Медет Шалабаевқа, Дүйсен, Жандос, Мейрамбек, Абай, Асылболат, Ербатыр, Мэлс, Әскербек, Әбілғазы, Асылбек, Бақытжан, Сағат, Темір, Жанболат, Мейрамбек, Сәрсенбай сынды азаматтарға және көше гирляндаларын орнату және жарықтандыру жұмыстарын сапалы атқарған Талап Қоңырбайұлына және Марат Жақсылықұлына ауыл тұрғындарының атынан ерекше ризашылығымды білдіремін. Игі іске жалпы жұмсалған қаражат көлемі 200 000 теңге. Туған жерге деген жанашырлықтары мен сүйіспеншіліктері ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, бірлік пен ынтымақтың жарқын үлгісі болды», – дейді округ әкімі Нұрсұлтан Байділдин.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.