Жанкелдин ауданындағы спорт мектебі толықтай жабдықталды

Спортпен шұғылдануға мол мүмкіндік

Аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебіне құны 15 571 000 тұратын спорттық құрал жабдықтар келді. Спорттық жабдықтар «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының негізінде құрылған «Батыр боламын» қоғамдық қорының» қолдауымен жеткізілді. Жабдықтарды «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының президенті Ернұр Сәбікенұлы және «Батыр боламын» қоғамдық қорының негізін қалаушы Асыл мен Арман Балкенұлы ауданға арнайы келіп табыстады. Айта кету керек, аталған бастаманың Торғай еліне келуіне бірден бір себепкер болған, ұсыныс білдірген Лисаковск қаласының БЖСМ-нің басшысының міндетін атқарушы Қайрат Берденбек.

Аудан әкімі Дінмұхаммед Бидашев игі іске мұрындық болған азаматтарға алғысын білдірді. Болашағынан зор үміт күттіретін жасөспірімдер жақсы дайындық жасап, әлемдік деңгейде ауданымызды танытанын баса айтты. Жангелдин аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қызылбай Ғалымжанұлы жақсы бастаманың жүзеге асқанына ризашылығын білдірді:

“Бүгінгі күні ауданымыздағы спорт саласына жасалған қолдау – болашақ чемпиондардың қалыптасуына үлкен үлес қосады. «Батыр боламын» қоғамдық қорының демеушілігімен спорт мектебімізге қажетті құрал-жабдықтар жеткізіліп, ауылдардағы үйірмелердің материалдық базасы айтарлықтай нығайды. Бұл – жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың бәсекеге қабілетті, кәсіби спортшы болып қалыптасуына зор мүмкіндік. Осындай игілікті іске бастамашы болған жанашыр азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін,»- деді мектеп директоры.

Спорттық жабдықтар аудандық балалар -жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты барлық ауыл үйірмелеріне теңдей бөлініп берілетін болды. Бұл жайлы БЖСМ-нің директоры өз сөзінде тілге тиек етті. Заманауи спорттық жабдықтар жас спортшылардың кәсіби деңгейде жаттығуына жағдай жасап, болашақ чемпиондардың шыңдалуына септігін тигізеді. Ауыл жастары үшін жасалып жатқан бұл игі іс – олардың спорттық жетістіктерге жетуіне жол ашатын үлкен мүмкіндік.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.