Жүзден жүйрік озды
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің «COWERKING» залында, аудандық жастар ресурстық орталығының мамандарының ұйымдастыруымен «Дебат» ойыны өтті. М.Дулатұлының 140 жылдық мерей той қарсаңында ұйымдастырылған дебат ойындары бірнеше кезеңге бөлінген. Күні кеше Ш.Уәлиханов, Н.Иванов жалпы білім беретін мектептерінің жас ұстаздары өз ара пікір таласып, қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Әділ қазылар ойын барысын сараптап, Ш.Уәлиханов жалпы білім беретін мектебінің командасына келесі кезеңге жолдама берді.
«Дебат ойындарының жастарға берер пайдасы өте жоғары. Бір ғана ойын арқылы үлкен ізденіс жасап, сөйлеу шешендігін, ойды анық әрі нық жіткізіп көпшілік алдында өзіңді сенімді тұлға ретінде қалыптастырасың. Екі команда жоғарғы деңгейде ойынады. Сөйлеу мәнері, кілт сөздер қолдану, философиялық тұжырымдар, статистикалық мәліметтер екі команданыңда спикерлерінің жоғарғы дайындығын көрсетті. Алдағы уақытта жастардың, оқушылардың арасында жиі ұйымдастырылып тұрса жақсы болар еді,»- деді қазылар алқасының мүшесі Албина Аубакирова.
Жастар ресурстық орталығының маманы, дебат ойынының ұйымдастырушысы Жасұлан Ғабылахатов аталған ойын бірнеше кезеңге бөлінетінін атап өтті. Алда әлі бір талай ойындар өтеді. Келесі кезеңге жолдама алғандар бір-бірімен сынға түсіп, ақтық мәреге үздіктер шығатын болады.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.