Көрерменге жол тартты
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, қарымды қаламгер Әбутәліп Әмірдің «Ояндың ба екен қазағым?» атты жаңа туындысы өнер сүйер қаумының жүрегінен жол тапты.
Сиясы әлі кеппеген туындыны қаз – қалпында ұсынып, ондағы кейіпкерлерді аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Халық» театрының әртістері сомады. Жерлесіміз, талантты әрі өнер жанашыры Марғұлан Әбдібек сахналық қойылымды қоюшы режиссер ретінде көпшілкке танылып, елдің алғысын алды.
Көңілге түрлі ой салған, жас ұрпаққа тағылымы мол бұл қойылым Торғай халқының рухын көтеріп, рухани демалыс сыйлады. Кеш соңында аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев жуырда ғана 140 жылдық мерейтойы өткен қоғам қайраткері М.Дулатұлының құрметіне жасалған естелік сыйлықтарды жаңа туындының авторына салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар, Марғұлан Назарұлын алғыс хатпен марапттады.
Әбутәліп Әмірде өз тарапынан мәдениет саласының ұжымына алғысч білдіріп, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанқанқызына ризашылығын жеткізіп, өзінің авторлық «Ояндың ба екен қазағым?!» және «Бақыт кілті» атты кітаптарын сыйға тартты.
Өткен жылы қостанайлық қаламгердің «Көп көргеннен сұра» атты жаңа кітабының тұсаукесірі болған еді. Сондай – ақ, «Көгілдір таң», «Қызбел» атты прозалық жинақтардың авторы.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.