Жанкелдин ауданына қарасты елді мекендердегі клубтардың жұмысы неге саябырсып қалды?

Жанкелдин ауданындағы кейбір ауыл клубтарына жөндеу жүргізілгенімен, іс-шаралардан қалыс қалып жатқаны қынжылтады

Жергілікті әкімдердің есеп беру жиындары да мектептің мәжіліс залында өтеді. Сонда әлгі клубтар тек көрме үшін ғана тұрған секілді. Дәстүрлі түрде өтетін облыстық көркемөнерпаздар байқауында шама-шарқынша өнер көрсетіп келеді. Алайда, мәдени өмір қызу қайнап жатпаған ортадан қандай жақсы өнерпаз шықсын? Жүлделі орындардан құр қалып жүр. Қарапайым көрермен қауым да мәдениет үйінде өтетін іс-шараларға баруды қойған. Осылайша, өнер адамдарының қатары да азая бастады.

Ауылдағы мәдени ошақтардың ішкі қабырғаларында жұмыс жоспары ілінбейді. Сол ғимараттың тарихы, көп жылдар клуб пен кітапханада қызмет еткен адамдар, өнер майталмандарының өмірбаяндары мен жеткен жетістіктері туралы ақпараттар мүлде жоқ.
Бүгінде осы олқылықтың орнын толтыру үшін ауылдық жердегі кітапханашы мен клуб меңгерушілерінің басын қосып жиындар өткізіліп жатыр.

Ауданның мәдениет бөліміне жаңадан келген басшы Жанар Шалабаева бірқатар ескертпелер айтып, ауыл клубтарының бос тұрғанын сынға алды.

– Қазір ауылдық жерлердегі клубтарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барынша жағдай жасалып жатыр. Клубтар мен кітапханаларға жыл сайын мәдениет бөлімі арқылы қыстық отыны бөлініп тұрады. Бүгінде өнер адамдарының басын осы клубтарға жинап, ауылдық жерлерде жұмыла жұмыс істеуіне мүмкіндік бар. Ол үшін жергілікті халықпен тығыз байланыста болып, ауылда көрінбей жүрген таланттарды үлкен сахнаға шығару керек. Өнерсүйер қауымға есімдерін насихаттаса, ауыл мәдениеті ілгерлейді, – дейді Жанкелдин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Шалабаева.

Осы жылы Шеген ауылындағы клубты жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 9 млн теңге, Қалам-Қарасудағы мәдени ошақты жөндеу үшін 10 млн теңге, Аралбай ауылдық клубына санузел орнатуға 1,5 млн теңге берілген. Осы бағытта Қызбелге 3 млн және Ақкөл ауылына облыс бюджетінен 42 млн теңге қаражат бөлінгенін де айта кеткен жөн. Сөйтіп, елді мекендердегі клубтардың ажары кіріп қалған.

– Алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеп, мәдениетті көтеру жолында тыңғылықты жұмыстарды жоспарлау қажет. Ауыл мәдениетімен көрікті. Сондықтан төрт тоқсанда төрт семинар, 8 ауқымды іс-шара өткіземіз деп отырмыз. Бұл семинарлар мен іс-шаралар әр ауылдарда өтетін болады. Ауылдық клуб пен кітапхана бірігіп ұйымдаса жұмыс істейді. Бұндағы негізігі мақсатымыз – ауылдар арасындағы байланысты нығайту, мәдени ошақтардың бірлігін арттыру, – дейді Жанар Асанханқызы.

Иә, ауылдық жерлердегі мәдениет саласы жаңа бастаманы құптап, жаңашылдықпен жұмыс атқаратын болса, мәдениетіміз дамиды. Клубтың есігінде енді қара құлып тұрмайды деген үміттеміз.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

14 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.