Олардың басым бөлігі ауылды жерлерде тұрады
Яғни ауылдың әлеуметтік – экономикасының дамуына үлес қосып отыр. Тиыннан теңге құраған кәсіпкерлер өздері үшін ғана емес ауылдық ағайындардың да жағдайларына қарағаны дұрыс. Әрбір өнім қолжетімді бағада болса, тұтынушылардың да саны артады. Өткен жылы мемлекеттен 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз несие алған Нұрайым Ғалымжан кәсібін дөңгелетіп отыр. Ол Жангелдин ауданы, Тәуіш ауылының тұрғыны. Бала күнінде сүйікті ісіне айналған тәтті тағамдар пісіруді қолға алды. Алдағы уақытта кәсібі ілгерілеп жатса, ауыл орталығынан шағын кондитерлік цех ашу жоспарында бар.
«Менің басты мақсатым елге қызмет ету. Жас кәсіпкер атанып, ауылдың дамуына үлес қоссам арманым болмас еді. Осыдан үш жыл бұрын тәтті тоқаш, күлше нан, самса пісіріп азын – аулақ табыс тауып жүрдім. Кейін ауыл тұрғындарынан тапсырыстар қабылдадым. Азғантай жиналған қаржыға қосымша пеш сатып алдым. Әсіресе, сенбі, жексенбі күндері тапырыс көп болды. Артынша ойлана келіп, мемлекеттік бағдарламаға қатысып, қайтарымсыз несие алуға жоспарымды ұсынып, қажетті құжаттарды дайындадым. Осылайша, көздеген мақсатым орындалып, грант иегері болдым. Енді еш қиналмастан тапсырыстар қабылдай аламын. қосымша пештер мен қажетті құрылығыларды жаңа алдым. Әзірге үйде жұмыс жасап отырмын. Жаз айында жаңадан шағын цех салып, кәсіп шеңберін кеңейтуді ойлап жүрмін. Бұл ойымды жолдасымда құп алып, көмектесуге әзір екенін айтты. Тәтті тағамдардың бағасы да тиімді. Ең бастысы еңбегімді бағалап отырған ауыл тұрғындарына ризамын»,- дейді жас кәсіпкер.
Жас кәсіпкер Нұрайым Қызылбайқызы бұдан өзге сәндеу жұмыстарымен айналысады. Тырнақ пен кірпікті әрлеп, шаш қияды. Одан да табыстабуға болатынын жасырған жоқ. Ауылдағы қыз-келіншектер үшін «Сам себе байер» атты курс ашып, қосымша дәріс береді екен. Кәсіптің әр саласын меңгерген Нұрайымның еңбегі еселен түспек.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.