Жанкелдин ауданына Арқалық қаласынан арнайы экспедииция келді

Тұлғаға рухына тағзым

Арқалық қаласынан арнайы жасақталған «Оян, қазақ» ізімен…»  экспедиция мүшелері Бидайық ауылына ат басын тіреді. Мұнда алаштың ардақтысы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының кесенесі мен мұражайы бар. Сондай – ақ, 1935 жылы Карелия жерінда дүние салған алаш арысының сүйегі 57 жылдан кейін туған жеріне жерленді.

«Міржақыптың қайда жерленгенін анықтаған М.Әбсәметов бастаған экспедиция 1992 жылдың 1-18 қыркүйегәі арасында Сосновецтен Торғай топырағына дейінгі аралықты жүріп өтіп, бабамыздың асыл сүйегін туған топырағына әкеліп еді. Бұл туралы Міржақыптанушы Қайсар Әлімнің «міржақыптың оралуы» атты кітабында егжей-тегжейлі жазылған.

Бидайық ауылында алаш арысының кесенесі ғана емес, шағын көлемдегі мұражайы да орналасқан. Біз келіп жеткенде Жақаңның басында шырақшысы болып отырған Бірманов Нағашыбай ағамыз алдымыздан шығып, биылғы 140 жылдыққа байланысты атқарып жатқан атқарып жатқан шаруалармен таныстырды. Бақберген Қасымұлының демеушілігімен Міржақып кесенесінің іші-сырты жаңартылып, жасалып жатқан жөндеу жұмыстары аяқталып қалыпты», – дейді экспедиция мүшелері.

Алматы қаласына келген мамандар мұражайда қайтадан жасақтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондықтан меймандар мұражай ішін толық тамашалай алмады. Міржақып атамыздың кесенесіне тағзым жасап, рухына дұға бағыштап қайтқан экспедиция мүшелері аудан орталығына келіп, тарихи мұражайларды аралады.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.