Торғай – тұлғалар мекені
Осындай атаумен аудандық мәдениет үйінде поэзия фестивалі өтті Торғай жері қашанда тұлғаларымен ерекшеленетін өңір. Тарихи тұлғалар мекені.Батыр мен ақынды, дана мен данышпанды, би мен шешенді, жазушылар мен көсемдерді туған өлке. Торғай халқы бір ғана Ахмет пен Міржақыппен мақтанса да жеткілікті. Торғай ақындар мектебі. Ұрпақ сабақтастығы күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Осы тұрғыда мәдениет бөлімінің және мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Торғай – тұлғалар мекені» атты поэзия фестивалі өтті.
Бірінші күні мәртебелі меймандарды қазақтың салт-дәстүрі бойынша кіре беріс қақпадан қарсы алып, балдай қымыз бен ыстық бауырсақ ұсынды. Мәдениет үйінің өнерпаздары ән-шашумен қарсы алды. Екінші күн мәдениет үйіндегі поэзия фестивалімен жалғасты. Кеш қонақтары жазушы Қойшығара Салғараұлы, ақын Серікбай Оспанов, жазушы Амангелді Кеңшілікұлы, ақын Мұхарбек Жәкейұлы, ақын Абылай Мауданов, ақын, сазгер Марғұлан Оспанов сахна төрінен орын алды. Кеш тізгінін қолына алған ақын, аудармашы Абылай Фазылханұлы әсерлі кештің шырайын келтірді. Таңжарық Ниязбектің ақынжазушыларға арнаған жыр жолдарын мектеп оқушылары оқып, қонақтарға ықылас гүлін тарту етті.
Аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев меймандарға жылы лебізін арнады. Сонымен қатар, Қойшығара Салғараұлына Жанкелдин ауданының «Құрметті азаматы» атағын салтанатты түрде табыстады. Басқа да кеш қонақтарына алғыс хат тапсырып, иықтарына шапан жапты. Сондай-ақ, 80 жасқа толған Серікбай Оспанұлына ат мінгізді. Таңжарық Ниязбек айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиевке арнауын арнады. Кештің қадірлі қонақтары өздері жайлы қысқаша баяндап, жүрекжарды жырларын оқыды. Ақын Мұхарбек Жәкейұлымен еріп келген қонақтар да жырдан шашу шашты. Олар да сый-сияпаттың егесі атанды. «Ақбата» шатханасында түскі қонақасы берілді. Одан кейін «Мерген» саябағында поэзия фестивалі қайта жалғасын тапты. Ақын Ғафу Қайырбековтың ескерткішінің қасында ағынды теңіздей жырлар оқылды. Артынша аудандық мәдениет үйінде тетар әртістерінің дайындаған «Оян, Қазақ» қойылымын тамашалады. Шилі ауылдық округінің әкімшілігі арнайы киіз үйде меймандарға қонақасын берді. Үлкен кісілердің ықыласына бөленіп, ақ батасын алды. Орталық алаңдағы дала сахнасында мерекелік концерт жалғасты. Осылайша қасиетті Торғай жерінде әдебиет пен мәдениет табысқан күн болды. Болашақ тарих беттеріне алтын әріппен жазылды.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.