Аудандық орталық аурухананың іргетасы 1975 жылы қаланған
Бір адамның ғұмырындай 46 жыл ішінде күрделі жөндеу жұмыстары жасалмаған. Сыртының сыны кетіп, тозығы жеткен. Былтырғы жылы “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы бойынша орталық аурухананың әкімшілік ғимаратына және хирургиялық бөлімшесіне толығымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Айналдырған 3 ай ішінде аталған аурухана адам танымастай өзгеріп шыға келді. Науқастар ем қабылдайтын бөлмелер қажетті құрылғылармен жабдықталды. Жылу жүйесі жаңартылды. Бөлмелердің іші айнадай жарық. Ауасы да кең. Еркін тыныстап, ем – дом қабылдауға қолайлы. Бастысы мамандардың жетіспеушілігі бар. “Дипломмен – ауылға!”, “Еңбек” бағдарламаларының шарапаты мол болған сынайлы. Қазіргі таңда жоғары білімді үш дәрігермен білікті мамандардың қатары толықты. Олар тұрғын үйлермен толық қамтылған. Мемлекет тарапынан көтермеақыларын да уақытылы алған. Десекте, әлі де білікті мамандардың жетіспеушілігі бар. Себебі, акушер-гинеколог, бір фтизиатор, бір жалпы тәжірибедегі дәрігер, бір педиатр, УЗИ, рентеген және бес бірдей орта буын медицина мамандары тапшы. Аудандық аурухананың техникалық базасы да жақсарды. Тұрғындарға қызмет көрсету сапасы да арта түспек.
“Өз тілшімізден”
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.