Биыл Кеңес әскерінің Ауғаныстаннан шығарылуына 32 жыл. Осы орайда Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде «Ауғанның от жалыны» атты кездесу кеші өтті
Іс-шараның құрметті қонақтары, Ауған соғысының ардагерлері Бөкейхан Әмірханұлы, Құнанбай Тойшанұлы және Марат Заурбекұлы болды. Негізгі мақсат жас буынға Ауған ардагерлерінің өжеттілігін үлгі етіп, опат болған жауынгерлердің рухына тағзым жасау. Кеш барысында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланды. Ардагерлеріміз Ауған жерінде болған сұм соғыстың көзбен көрген кезеңдерін, ерлік пен даңқты батыр-қаһармандары туралы естеліктер айтты. Кездесу кеші көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Кеш соңында майдангер ағаларымыз болашақ ұрпақ бойына отансүйгіштік сезім мен патриоттық рухты ұялатар жалынды тілектерін білдірді. Жастарды өз Отанын сүюге, елінің патриоты болуға шақырды.
Ауған ардагерлері өмірінің өлшеулі бір бөлігін оқ пен от астында өткізіп, елге аман-есен сау оралып, қазіргі таңда қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасып жүр.
Аякөз ҚОЖАБЕКОВА
Қостанай өңірлік университеті
журналистика мамандығының
4 курс студенті
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.