Тіл тағдыры – ел тағдыры

Қазіргі кезеңде келешегіміз ұрпақтар үшін қолға алынып жатқан бағдарламаның ең маңыздысы-тіл тағдыры

Атап айтқанда «Латын қарпіне көшу бірден – бір өмір талабы болып есептеледі. Елбасымыз келешекке бағдар барлау жасай келіп, Тіл туралы ең келелі мәселені қолға алды. Ұрпақ тәрбиесін жаңғырту, сананы жаңарту үшін ең алдымен дамыған елдер легінен қалдырмай, келешегімізді кемелдендірудің бірден – бір жолы- латын әліпбиіне көшу екендігін айтты.  Біздер қарт болсақта, кезінде өзіміз қол жеткізе алмаған ғылым мен ілімді келешек ұрпақтарымыз, немере – шөберелеріміз үйреніп, сол іліммен сусындап өсуін қалаймыз.

Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының қолға алған латын әліпбиіне көшіру бастамасын қолдаймыз. Жас жеткіншектерді дер кезінде бағыттап, ерте қолға алса алынбайтын қамал жоқ. Жастар тез арада үйреніп, алып кетері сөзсіз. Сондықтан, бүкіл әлем бетбұрыс жасап отырған жаңалықты өмірге енгізіп үйретуге біз неге қолдамасқа?…

«Тіл түзелмей, ел түзелмейді»- деген қағида бекер айтылмаған. Келекшектің иесі ұрпақтарымыздың меңгеріп әкететініне сенімдіміз. Ел басқарып отырған Қасым Жомарт Кемелұлы Президент болғанда, алты ұлттың тілін меңгерген дегенін естіп, шын көңілімізбен қуанған едік. Сол секілді біздің де келешегіміз, балаларымыз сауатты болғанын қалаймыз. Сондықтан, латын қарпіне көшіруге қадам жасап, ел көшінен, өркениет жолынан қалдырмағанына қуанамыз.  Қолдап пікірімді білдіремін. Лайым жемісті болуына тілектеспін!

Амандық ҒАБДОЛЛА

Энергетика саласының ардагері,

Аудандық ардагерлер алқасының мүшесі

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.