Мақтанышым ақ әжем

Менің әжем Назипа Капарова 1939 жылы 8 наурызда дүниеге келген. Он жетіге толар-толмастан қазақтың дәстүрі бойынша айттырылып, атам Махмұтпен бас қосып отау тіккен. Атам мен әжем 9 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген. 26 немере, 17 шөбересі бар

“Күміс” және “Алтын алқа” иегері. Еңбек жолдарын малшы болудан бастаған. Атам бір отар қой алып, әжем көмекші болып қыс қыстау, күз күздеп көшіп жүріп қырық жыл еңбек еткен. Әжем белін бекем буып, атанға, жүк боларлық ауыртпалықты атаммен бірдей көтере білген. Тылда еңбек еткені үшін төс белгімен марапатталған. Атам мен үш жасқа толғанда дүниеден өткен екен. Әжем бізден бөлек тұрсада, үйге жиі келіп  тұрады. Сондайда әжем екеуміз көп сырласамыз. Негізі әжем үйдегі ұстазым, ақылшым, қамқоршым. Екеуміздің арамыздағы байланыс нәзік, әрі берік. Жатар кезде «әже, менің атам қандай кісі еді?» – деп еркелеп сұрай бастаймын.

Атам туралы сұрағаным әжеме ұнайтын сияқты. Нұры тая бастаған көзіне жылт еткен бір ұшқын әп-сәтте пайда бола қалады. Ауыр бейнеттің мәңгілік мөріндей болған әжем жүзі мен еті қашқан алақанымен бір сипап қойып әңгімесін бастайды.

«Сенің атаң өте жуас, момын кісі еді. Өмірінде біреуге тіл тигізіп көрмеген. Беліміз қайысқанша еңбек еттік. Ол кезде қойды құдықтан шелекпен су тартып суаратынбыз. Қандай жаны қиналып жүрседе, мені балағаттап көрген емес. Үнемі маған демеу болып, жанашырлық танытатын», – дейді әжем көзіне жас алып.

Адам болып жаратылған соң біздің пендешілігіміз көп. Кей уақыттарда көңілім құлазып, көзіме ыстық жас үйіріліп, тамағыма ащы өксік тас болып тіреліп қалғанда жүгіріп әжеме барамын. Өйткені қиын уақытта әрқашан көмек қолын созатын да әжем. Мен есіктен кірген бойда көзін қолымен көлегейлеп маған қарап алады да, айналайын деп маңдайымнан иіскеп, арқамнан қаққанда, құлазыған көнілімнің, көзімнен аққалы тұрған мөлдір жастың, көмейімдегі тастың қайда кеткенін білмей де, сезбей де қаламын. Осы бір шүйкедей кіп-кішкентай әжемнің мен үшін алынбас қамалдай, асқар таудай екенін ел қайдан білсін. Әулетіміздің киесі, жүрген жерінің берекесін кіргізетін әжемнің жүз жасағанын қалар едім. Қыртыс-қыртыс әжімдеріне дейін мейір төккен, күн өткен сайын қатары кеміп бара жатқан аяулы әжемді екі – үш күн көрмесем сағынамын. Әжем туралы айтатыным әлі көп. Жаратушы Алла ғұмыр берсе, құптаса ата-әжем жайлы естелік кітап жазармын деген ойдамын. Бұл менің басты арманым. Әжем 8 наурыз күні 82 жасқа толды. Біз жыласақ жұбататын, құласақ тұрғызатын, сүрінсек сүйейтін мейірімді әжем. Туған күніңізбен!!!

Дәулет ҚАПАР

Сарысу негізгі мектебінің

            9 сынып оқушысы

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

13 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.