Жас маман Жанкелдин аудандық ауруханада еңбек жолын бастады

Мемлекеттің «Дипломмен ауылға» бағдарламасы – ауылдық жерлердегі кадр тапшылығын азайтып, жас мамандарды қолдауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Осы бағдарламаның аясында туған жерге қызмет етуге бел буған жас мамандардың қатарында Жангелдин аудандық ауруханасының медбикесі Инабат Нұрмұхамед те бар.

Инабат Жанатқызы Сужарған ауылындағы Қанапия Қайдосов атындағы орта мектепті тәмамдаған. Мектепті аяқтаған соң, болашақ мамандығын саналы түрде таңдап, Қостанай жоғары медициналық колледжіне оқуға түседі. Осылайша, 11-сыныптан кейін медбике мамандығын игеріп, денсаулық сақтау саласына алғашқы қадамын жасайды. Оқу орнын аяқтаған жас маман «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы Жангелдин аудандық ауруханасына жұмысқа орналасады. Қазіргі таңда ол аурухананың процедуралық кабинетінде қызмет атқарып, науқастардан қан алу, әртүрлі медициналық анализдер жүргізу секілді жауапты міндеттерді орындайды. Бұл – үлкен дәлдік пен жауапкершілікті талап ететін жұмыс.

Алғашқы кездері адамдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу оңай болмағанын жас маман жасырмайды. Дегенмен, уақыт өте келе тәжірибе жинақтап, өз ісіне бейімделе білді. Еңбегінің арқасында науқастар мен ауыл үлкендерінен алғыс алып, ақ баталарына ие болып жүр.

Инабат Жанатқызы үшін медбике мамандығы – жай ғана жұмыс емес, үлкен жауапкершілік. Ол адамдардың өмірі мен денсаулығын әрдайым бірінші орынға қояды. Болашақта да өз мамандығы бойынша біліктілігін арттырып, ауыл медицинасының дамуына үлес қосуды мақсат етеді.

Айта кету керек, жас маман аталмыш бағдарлама аясында ауылға келгенімен, бүгінгі күнге дейін әлеуметтік қолдау, қаржылай жеңілдіктер немесе көтерме жәрдемақы (подъёмный) алмаған. Қазіргі таңда ол декреттік демалыста болғанымен, алдағы уақытта қызметіне қайта оралып, ел игілігі жолында еңбек етуді жоспарлап отыр.

Отбасында үш баланың кенжесі болып өскен Инабат Жанатқызы – еңбекқорлығы мен адамгершілігі арқылы ауыл тұрғындарының сеніміне ие болған жас мамандардың бірі. Осындай білімді, жігерлі жастар ауылдың тірегі, елдің болашағы екені сөзсіз.

Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚ

Редактор

Recent Posts

Суға түсу маусымында қауіпсіздік қалай бақылануда?

Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…

13 часов ago

Шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр

Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)

1 день ago

Туған жер – Торғайға

Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)

3 недели ago

Бас жүлдені «Торғай» командасы иеленді

Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)

3 недели ago

Свыше 90 тысяч сайгаков обитают на территории Костанайской области

При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)

3 недели ago

Торғайда 30 жыл бойы бір орында тапжылмай қызмет етіп келе жатқан мемлекеттік қызметші туралы не белгілі?

Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.