Жанкелдин ауданының жас өнерпазы жүлдемен оралды

Айназдың кезекті жеңісі

Арқалық қаласында Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқиса» атты аймақтық жас домбырашылар бауқауы өтті. Аталмыш байқауға Болат Хамзин атындағы өнер мектебінің оқушысы Айназ Қарағұл қатысып, жиырма бес үміткердің ішінен топ жарып жүлделі екінші орынды жеңіп алды.

Байқау шарты бойынша әр қатысушы екі шығарма орындау керек, Айназ Кемеңгерқызы Н.Тілендиевтің «Аққу», Қ.Ахмедияровтың «Той күйі» шығармасын асқан шеберлікпен орындап, қазылардың жоғарғы ұпайына ие болды.Жетекшісі Арайлым Әлібаева.

Арайлым Балтабекқызы Б.Хамзин атындағы өнер мектебінде 2007 жылдан бері домбыра бөлімінде сабақ береді. Шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері.Мектеп қабырғасын бітірген түлектері бүгінде ұстаз жолын жалғап, өнерден өзіндік орны бар жандарға айналды. Атап айтсақ шәкірттерінің бірі қазақ эстрадасының жұлдызы Әсем Искакова, Перизат Қалабайқызы халықтың зор ықыласына бөленіп, үлкен сахналарда шәкірттерімен өнер көрсетіп жүр.

Мектеп түлегі Айназ Кемеңгерқызы Арайлым Әлібаеваның жетекшілігімен білім алап, талай додаларда қанжығасын жүлдемен толтырып келеді.

Сонымен қатар Ұстазы мен шәкірті аудандағы 50 жылдық тарихы бар «Ғасырлар пернесі» ансамблінің мүшесі. Ұстаздан шәкірт озар деген осы болар, өнері мен білімін қатар алып жүрген Айназ жан-жақты. «ДанАс» шығармашылық орталығы жанынан құрылған «Балқадиша» жетігеншілер тобының белді мүшесі. Облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда бағы жанып, Торғай өңірінің атын танытып жүрген өнерлі өреннің болашағынан зор үміт күтуге болады.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.