Марапатқа толы жыл
Қазіргі уақытта аудандық орталық ауруханасы білікті мамандармен толығуда. Сырт елден келген медицина мамандары елдің алғысына бөленіп келеді. Ақ халатты абзал жандардың елеулі еңбектері де еленіп жүр. Күні кеше жергілікті бас дәрігердің орынбасары, кардиолог дәрігер Ақниет Сопыбекова “Жыл үздігі-2024″ республикалық байқауында бақ сынап, жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, ИБН СИНА” орденімен наградталды.
“Қазақстан медицина қызметкерлері қоғамының шешімімен денсаулық саласына қосқан елеулі еңбегім үшін жоғары дәрежелі марапатты иелендім. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Сырт елден келіп, киелі Торғай жерінде қызмет істеу бақыты бұйырды. Бұл елдің халқы ақ көңіл, кең пейілді, қонақжай. Келешекте осы ауданның медицина саласына зар үлесімді қоссам деген ғана бір арманым бар”,-дейді марапат иесі Ақниет Рахымқызы.
Жалпы, мемлекет тарапынан медицина саласының мамандарына қолдау өте көп. Әсіресе, маман тапшылығы жетіспейтін біздің аудан үшін білікті мамандар ауадай қажет. Біздің өңірде де қолдау жоқ емес. Қызмет істеймін деп келген мамандарға тұрғылықты баспана беріліп жатыр.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Сурет: әлеуметтік желіден алынды
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.