Жанкелдин ауданының ұлағатты ұстазы білім министрінің медалімен наградталды

Өлшеусіз еңбек елеусіз қалмайды

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде 40 жыл физика пәнінен сабақ беріп, сапалы білім арқылы саналы шәкірт тәрбиелеген аяулы ұстаз жоғары дәрежелі марапат иесін атанды.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев, ардагер ұстаз Күлмаш Зарыпбаеваға «Еңбек ардагері» төсбелгісін табыстады.
​Күлмаш Ғалымжанқызы Зарыпбаева 1959 жылы Жанкелдин ауданы, Шұбалаң ауылында дүниеге келген . Арқалық Педагогика Институтын 1982 жылы тәмамдап , алғашқы еңбекжолын қазіргі А.Байтұрсынұлы (бұрыңғы Қарасу) ауылынан бастаған. Ұлағатты ұстаздардың тәлімін алған Күлмаш Ғалымжанқызы тәжірибелі маман болып, кейінгі жас ұстаздарға өнеге үлгі бола білді. Соның нәтижесінде, аудан әкімінің алғыс хаты, облыстық және аудандық
білім саласының марапаттарын иеленді.

“Ұстаздық жол ұлы жол. Саналы ғұмырымды білім саласына арнадым. Зейнеткерлік жасқа шыққанша шәкірт тәрбиелеп, олардың биікке қанат қағуларына септігім тиді. Енді міне елеулі еңбегім еленіп, жоғары дәрежелі марапатқа ие болдым. Еңбегімді елеп ескерген министрлікке, облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің ұжымына айтар алғысым шексіз. Бұл менің ғана емес аудан өңіріндегі білім саласының жетістігі”- дейді ардагер ұстаз.

Мақаланың толық нұсқасын”Біздің Торғай” газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Редактор

Recent Posts

Торғай төріндегі төтенше қызметтің тірегі

Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)

2 дня ago

Жангелдин ауданында су тасқынына қарсы екі нысандағы жұмыс әлі басталмаған

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)

5 дней ago

Торғайдағы Милісай ауылының тынысы

«Бір бала үшін бір ауыл күресіп жүр» (далее…)

6 дней ago

Бас мүфти Торғайда ұлт қайраткерлерінің музейлері мен кесенелеріне барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…

7 дней ago

Жангелдин ауданында су тасқынының алдын алу үшін 7 миллион теңге қаржы қажет

2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)

1 неделя ago

Жангелдинде мектеп аулалары алма бақтарына айналады

Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.