Бұдан келер еш қауіп жоқ екен
Ауданнан 3 шақырым жерде өзеннің иірімі бар. Оны тұрғылықты халық “Бес тал” деп атап кеткен. Сол маңда кішкентай баланың моласындай төмпешікті көзім шалып арнайы бардым. Жерді дөңгелектеп қазып, тас трубаны тігінен көмген. Ондағы жазуда “Нивелирлік пункт” мемлекет қорғауында деп жазылған. Дереу аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысына қоңырау шалып, мәселенің анық қанығына көз жеткіздім.
“Солтүстік өңірдің филалына хабарластық. Олардың айтуынша еш қорқыныш жоқ. Ол жәй ғана жердің биіктігін өлшейтін труба деді. Бұл мемлекеттің қорғауында екен. Оны алып тастауға немесе сындыруға болмайды екен. Тұрғындарға айтарым, мал жаюға болмайды деген сөз емес. Сондықтан еш алаңдауға негіз жоқ. Тек олар бізге келіп, ескерту керек еді”,- дейді жер қатынастар бөлімінің басшысы Рүстем Ибраев.
Бас қаладан келіп, басынған түрі ме екен? Жергілікті билік өкілдеріне бірауыз ескертпегені қынжылтады.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ, суретті түсірген: автор
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.