Салауатты өмір салтына қолайлы ғимарат қажет
Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің спорт залына күрделі жөндеу жұмысы жасалды. Спорт залдың ірге тасы 2004 жылы қаланған. Ағымдағы жөндеу жұмыстарымен ғана тұрған ғимараттың жөндеу көрмегеніне жиырма жылдан аса уақыт болды. Аталмыш ғимараттың 2001 жылы аудан әкімінің қолдауымен едендері жаңартылған. Биыл облыстық бюджеттен 26 млн 880 мың теңге қаржы қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Спорт залдың төбе шатыры қапталып, жаңа еден, заманауй терезелер, қабырғалары қырылып, қайта тартылды.Мердігер, жеке кәсіпкер Руслан Тулегонов толық жұмысты жасап, тапсырды.
«2024-2025 жаңа оқу жылы мектебіміз үшін жағымды жаңалықтарға толы басталмақ. Мектебіміз тірек мектеп қатарына еніп, сыныптар жаңа заманауй техналогиялармен жабдықталып жатыр. Одан бөлек спорт залымызда күрделі жөндеуден өтті. Мердігерлер жұмыстарын аяқтап, қабылдап алдым. Енді жаңа оқу жылына оқушылармызға пайдалануға беріледі»,- дейді мектеп директоры Данияр Қамитбек.
Директордың сөзіне сүйенсек елдегі төтенше жағдайға байланысты экономмикалық бюджет есебі келер жылға шегертіліп, қалған жұмыстар алдағы жылға жоспарланған. Келер жылы бірінші кезекте жылу жүйесі тартылатын болады. Одан бөлек жоспарға сай, бірнеше жұмыстар да бар.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.