Жанкелдин ауданындағы мұз айдынының құрылысы кешігуде

Мердігердің жауапсыздығы

Денешынықтыру сауықтыру спорт кешені ғимараты жанынан, жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстары басталған еді. Аудан жастары үшін арнайы жабық хоккей ойнайтын мұз алаңының (Хоккей корды) салынуы аудан жастары үшін қолайлы. Бір жағынан жастар арасындағы бұқаралық спорттың дамуына септігі тиеді. Десекте, аталмыш спорт кешенінің құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталуы тиіс еді. Алайда, мердігердің жауапсыздығынан құрылыс жұмыстары кешігіп жатыр.

Мердігердің тарапынан жұмыс уақытылы басталмай, тапсыру мерзімі кешіктіріліп, тапсыру уақыты желтоқсан айына дейін созылды. Ғимаратқа жауапты мердігердің салғырттығының кесірінен жұмыс мерзімі желтоқсан айында аяқталатынына күмәніміз бар. Қазіргі таңда жұмыс баяу жүріп жатыр, дегенмен нысан биыл қолданысқа берілмейді. Аудандық құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әділбек Иманғалиевтың сөзіне сүйенсек, мердігер «Эксклюзив Сторой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапсыздық танытып, жұмысты уақытылы тапсырмағаны үшін сотқа берілген, алдағы уақытта сот шешімімен тиісті шаралар қолданылатын болады. Ай сайынғы пайыздық мөлшерлемесіне қосылған айыппұл өтеледі деп күтілуде.

«Нысанының жалпы құны 240,0 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарына 2023 жылы 60,0 млн. теңге бөлініп, металл конструкциялары алынды. 2024 жылы 180,0 млн. теңге бөлінген. Аталған жұмысты Лисаковск қаласының мердігері «Эксклюзив Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда. Бүгінгі күні 147,0 млн теңге қаражат игеріліп тұр», – дейді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы.

Әзірге нысанның іргетастары құйылып, металл каркастары құрылды. Тентті жабындысын орнату, ішкі алаңды тегістеу жұмыстары келер жылы жүргізілетін болды.

Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ

Суретті түсірген: автор

Редактор

Recent Posts

Жангелдин ауданында жастарға жұмыс пен бизнес бастауға мүмкіндік жасалып жатыр

Жангелдин ауданында жастарды жұмыспен қамту және кәсіп бастауына қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ауданда…

17 часов ago

«Орталық – Батыс» жолының құрылысы қашан қайта жанданады?

Қостанай облысында тұрғындар «Орталық – Батыс» автожолының Торғай – Ырғыз учаскесінің құрылысына қатысты сұрақ қойды.…

2 дня ago

Жангелдин ауданында 2 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Жангелдин ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 19 білім беру ұйымында «Ыбырайдың қоңырауы –…

3 дня ago

Торғай тарихын кім жақсы біледі?

Қостанайда зияткерлік квиздің жеңімпаздары анықталды (далее…)

7 дней ago

This website uses cookies.