Жанкелдин ауданындағы шалғай ауылдарға ұялы байланыс мұнарасы орнатылып жатыр

Ауыл халқы үшін мобилді байланыс маңызды

Жангелдин ауданы облыс орталығынан шалғайда орналасқан жалғыз ауданнның бірі. Мал шаруашылығымен күнелтіп отырған халықтың ұсыныс пікірлеріне облыс басшылығы назар аударып келеді. Соңғы 2 – 3 жыл көлемінде инфрақұрылым жобасы қарқынды даму үстінде. Әсіресе, қызбел ауылдық округінде бірқатар ауқымды құрылыс жұмыстары істеліп жатыр.

Жуырда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Қызбел ауыл округіне қарасты Саға, Бидайық, Құмшық ауылдарына ұялы байланыс желісін орнатуға облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Арнайы портал арқылы конкурс ұйымдастырылып мердігер анықталды. Яғни, «Қаракесек-НТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігің басшысы Айгүл Жәнібекова мердігер атанып, ұялы байланыс мұнарасын орнату жұмысарын бастап кетті.

«Мобильді ұялы байланыс мұнарасын орнату үшін Бидайық 27 млн 700 мың, Саға -27 млн 072 мың, Андағұл 36 млн 300 мың теңге, Құмшық -12 млн 806 мың теңге бөлінді. Бүгінгі таңда Саға, Бидайық, Андағұл, Құмшық ауылдарына фундаменті орнатылып, антенналары тұрғызылды. Электр желілері тартылды, сеткамен қоршау жұмыстары аяқталды. Саға, Бидайық, Андағұл жеріне биіктігі 30 метр антенна діңгек құрылысы салынды. Құмшық ауылына биіктігі 24 метрлік СК-26 байланыс тірегі салынды. Жаңа жылдан кейін 3G/4G мобильді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз етеді деп күтілуде», – дейді округ әкімі Қайсар Нұрғазин.

Көп ұзамай ауыл халқы қолжетімді интернетке қол жеткізіп, қаладағы ағайын туыстарымен емін – еркін сөйлесе алады.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ

Суретті түсірген: Айгерім Қожахметова

Редактор

Recent Posts

Жангелдин ауданы: Ауыл мектебіне жасанды интеллект не береді?

Қостанай облысындағы ауыл мектептерінде жасанды интеллектіні қолдану үрдісі бірте-бірте еніп келеді. (далее…)

1 день ago

Торғай даласында кертағылар екінші рет төлдеді

Торғай даласында қайта жерсіндірілген кертағылардың саны артып келеді. Бұған дейін Қазақстанға әкелінген түз жылқыларының арасынан…

3 дня ago

Жангелдин ауданында жастарға жұмыс пен бизнес бастауға мүмкіндік жасалып жатыр

Жангелдин ауданында жастарды жұмыспен қамту және кәсіп бастауына қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ауданда…

5 дней ago

«Орталық – Батыс» жолының құрылысы қашан қайта жанданады?

Қостанай облысында тұрғындар «Орталық – Батыс» автожолының Торғай – Ырғыз учаскесінің құрылысына қатысты сұрақ қойды.…

7 дней ago

Жангелдинде орақ науқаны қызу жүріп жатыр

Биыл мұнда сафлор алқабы 30 пайызға артты (далее…)

1 неделя ago

Жангелдин ауданында 2 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Жангелдин ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 19 білім беру ұйымында «Ыбырайдың қоңырауы –…

1 неделя ago

This website uses cookies.