Дүниежүзілік почта күні
1874 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан пошта торабының құрылғанына да биыл 150 жыл.
Қазақстанда алғаш 1993 жылы ашылған. Сол жылдардан бері әр қала, аудан көлемінде 31 жыл халықтың қажеттілігіне тынбай жұмыс жасап тұр.Аталмыш сала иелерінің жұмысы көзге көп көріне бермейді. Десекте, қаншама газет журналды сұраптап отырған пошташы, сұрыптаушы жандар, көптеген қаржыны үйлестіріп халыққа қызмет көрсетіп жеткізіп отырған қызметкерлер нағыз алғысқа лайықты жандар.
Күні кеше кәсіби мереке қарсаңында аудандық пошта торабының бірнеше қызметкері марапатталды. Жангелді аудандық почта байланыс торабы басшысының орынбасары Жархан Сәлімжанов Салалық ақпарат коммуникациялар және байланыс кәсіподағының төрағасы А.Әбіштің құрмет грамотасын, пошта бөлімінің сұрыптаушысы Нүргүл Аманова жыл сайын почта күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын облыстық «Алтын көгершін» байқауының, «Ең үздік пошташы» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар операциялық участок басшысы Айдана Мақсұт облыс әкімінің құрмет грамотасын иеленді.
Айдана Торғайдың тумасы. Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің түлегі. 2011-2013жылдар аралығында Астана қаласында “Тұран”коледжінде Ақпараттық қамсыздандыру мамандығы бойынша білім алып, елге қызымет етуге келген. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап аудандық Казпочта бөліміне байланыс операторы болып қызметке орналасып, қазіргі таңда аудандық казпочта байланыс торабының орталық операциялық участок басшысы қызметін атқарады. Жұмыстағы қызметімен қатар, отбасылық тірлігін қатар алып жүрген көп балалы ана.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ, Суретті түсірген: Қазпочта қызметкерлері
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.