Елге пайдам тисін деп…
Мерген әулетінің ұрпақтары өзара ақылдасып, үлкені мен кішісі кеңесе келіп, бір шешімге келіп, бір арнаға тоғысты.
Олар «Туған жерге тағзым» жобасы бойынша елге пайдамсыз тисін деп, басқа да рулы ағайындарға үлгі, жас ұрпаққа өнеге болсын деп саябақ ашуды қолға алды. Сырттағы, елдегі рулас ағайындар арнайы қор ашып, қаражат жинады. Бір жарым айдың ішінде саябақтың құрылыс жұмыстарын аяқтады. Ішіне көшет ағаштарын отырғызды. Балаларға арналған ойын алаңының элементтерін орнатты. Саябақтың ішіне төсеніш тастар төседі. Бұл саябақтың ұзындығы 100 метр, ені 40 метр болады. Саябақтың ашылу салтанатына жиналған адамдардың қарасы өте көп болды. Айтыстық ақтаңгері Айбек Қалиев арнау айтып, ел үшін игілікті істің жаршысы болған Мерген әулетінің ұрпақтарын құнды жырымен дәріптеді.
Аудан әкімі Шота Оспанов көпке үлгі болып, туған жерге тарту жасаған батыр әулетінің ұрпақтарына алғысын білдірді.
«Бұл тамаша бастаманы бізде қолдадық. Теңізбай батырдың ұрпақтары аудан орталығынан саябақ ашамыз деп ұсыныс айтқанда дән риза болдым. Соңғы жылдары «Туған жерге тағзым» жобасы тұралап қалғандығы жасырын емес. Енді міне айтулы жоба қайта жалғасын тауып, елге қуаныш сыйлауда. Елдің бағына бағытталған жақсы бастамалар жалғасын табады деп сенемін», – деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына белсене араласып, саябақтың бой көтеруіне атсалысқан азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.
Жангелдин ауданының «Құрметті азаматы», еңбек ардагері Жұмақан Садуақасов тілектестігін жеткізіп, ақ батасын берді. Алдағы уақытта дәл осындай игілікті шаралар жалғасын тауып жатса, ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына септігін тигізер еді.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Суретті түсірген: автор
Жангелдин ауданында жазғы суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылар мен құқық қорғау органдары күшейтілген жұмыс…
Жангелдин ауданында мал азығын дайындау науқаны қарқынды жүріп жатыр. (далее…)
Жыл басынан бері Жанкелдин ауданы бойынша 4 маман «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа тұрды. (далее…)
Көкпардан жасөспірімдер арасында өткен чемпионат. (далее…)
При этом количество сайгаков в Казахстане дошло до 5 миллионов. (далее…)
Ауылдың таңымен бірге оянып, оның әрбір қуанышы мен мұңын жүрегінен өткізетін жандар болады. (далее…)
This website uses cookies.