Торғайдан басталған қозғалыс – ұлттың болашаққа бастар жолы
Бүгін Торғай өңірі үшін тарихи әрі маңызды күн. Жанкелдин ауданында, маңызды инфрақұрылымдық бастама жүзеге асты. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Орталық – Батыс» халықаралық автожолының құрылысы ресми түрде басталды. Бұл тарихи сәт Арқалық және Торғай өңірінде бір мезетте ресми түрде бастау алды. Торғай өңіріне Автомабиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхметов пен Қостанай облысы әкімдігі Көлік және жол шаруашылғы бөлімінің басшысы Алмас Есенжолов арнайы келді.
«Аталған жоба еліміздің Халықаралық транскаспий көлік дәлізімен байланыстыратын маңызды көпір болады. «Орталық-Батыс» көлік дәлізі-Ақмола, Қостанай, Ақтөбе облыстары өңірлеріндегі орналасқан 12 елді мекен яғни, 76 мыңнан астам тұрғындар үшін жаңа өмір сапасына бастар жол болмақ. Бұл – ұзындығы 1438 шақырымдық ауқымды жоба. Оның ішінде 889 шақырым жаңа жол ретінде салынады. Жобаның мерзімі 48-ай. 2029 жылы бұл жол ел игілігіне толық берілмек. Жоба толық іске қосылғанда, батыс өңірге жол жүру уақыты қысқарып, көлік легі айтарлықтай жеңілдейді.Сонымен қатар Торғай өңірінің экономикалық және әлеуметтік дамуына зор серпін береді», – дейді Автомабиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Қуанышбайұлы.
Іс-шара аясында QazAvtoJol өкілдері мен жауапты сала мамандары жоба жоспарын таныстырып, алғашқы техникалар іске кірісті.
Бұл жоба еліміздің орталығы мен батыс өңірі арасындағы жолды 573 шақырымға қысқартып, уақыт пен шығынды үнемдейді. Жол құрылысы бірнеше кезеңмен іске аспақ. Алғашқы бөлігі Арқалық – Торғай бағытынан бастау алуы да, бұл аймақтың дамуындағы үлкен бетбұрыс. Жобаның жүзеге асуы — Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, логистиканың жақсаруына, туризм мен ауыл шаруашылығына оң ықпал етпек.
Көптен күткен халық жолдың басталғандығы жайлы хабарды естіп, төбесі көкке жетуде. Ендігі халықтың тілегі жолдың сапалы салынуында.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.