Су тасқыны кезінде қырылған малдар есепке алынып жатыр
Мелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты Қазақстан халқына жолдаған Үндеуінде табиғи апаттан зардап шеккен әрбір азаматқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіндігін айтқан болатын. Яғни, баспансыз қалғандарға үй салынады. Мүлік пен мал шығыны төленеді. Қазіргі уақытта Тәуіш ауылында үйсіз қалған тұрғындарға жаңадан баспана салу жұмыстары басталағалы тұр. Ал, су құрсауында қалып қырылған малдардың есебі алынып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аудан әкімінің өкімімен құрылған арнайы комиссия құрамы мен ветеринария саласының мамандары жоспарлы жұмысқа белсене кірісті. Олар 540 бас қой-ешкі, 16 бас ірі қара және 22 бас жылқының өлгенін анықтап, тиісті шешімдер қабылдады. Мәселен, өткен аптада комиссия құрамының ұйғарымымен 33281,169 теңге ұсақ малға, ірі қара малына 5756,356 теңге, жылқыға 10886,494 теңге өтемақы төленген.
-Сөздің шындығы керек қазір су тасқыны кезінде өлген малдардың санын анықтау қиын болып жатыр. Кейбірі сумен бірге ағып кеткен деген болжам бар. Табылмаған жағдайда оған өтемақы төленбеуі тиіс. Бірақ, базада тіркелген мал саны мен шаруа қожалықтары мен қарапайым халықтың айтқан мәліметі сәйкес келмейді. Тұрғындар тарапынан түсінбеушілікте туындап жатыр. Қолымыздан келгенше түсінік жұмыстарын жүргізіп айтудамыз. Елді мекендердегі барлық мал шығынын есепке алу үшін әлі де жұмыстар жасалады, – дейді комиссия мүшелері.
Әрбір малдың жасына қарай төлем жасалады екен. «Жылқы малынан көп шығын болуы тиіс емес» деген болжам айтылуда. Себебі, су тасқыны кезінде жоғалған үйірлі жылқылар аман есен табылып жатыр.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.