Өнер майталмандары сенбілікке шықты
Бүгін «Мәдениет және өнер қызметкерлері» төл мерекесі. Аудан өңіріндегі мәдениетке мән, өнеріне сән беріп жүрген өнер адамдары еліміздің мақтанышы. Олар мереке күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында мекеме алдына шырша ағаштарын отырғызып, сенбілікке шықты. «Атадан мал қалғанша – тал қалсын» деген тәлсімді ұстанған мәдениет қызметкерлері аудандағы қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді. Жасыратыны жоқ. Соңғы 7 жыл көлемінде мәдениет саласы құлдырап, өнеріміз өріс жая алмады. Енді міне бір жарым жыл ішінде қайтадан тамырына қан жүгіріп, қалпына келді. Себебі, мәдениет жанашырлары басшылыққа келіп, тың идеяларды қолданып, өнер сүйер қауымның алғысын арқалады. Ал, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарының басы – қасында жүретін өнер адамдары республикалық акцияға үлес қосты.
«Біз бүгінгі мереке күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясында шырша ағаштарын отырғыздық. Мәңгілік жасыл түсін сақтап тұратын мың жылдық шырша мекеме алдына ерекше сән береді деп ойлаймыз. Әрине, біріншіден күтім қажет. Уақытылы су құйып, түбін қопсытып, маңайындағы жабайы шөптерді тазалап отыру керек. Шырша ағашын күтіп баптау мекеме күзетшілері ғана міндет емес. Барлық мәдениет қызметкерлері кесте бойынша кезекпен күтім жасап отырамыз. Осы сәтті пайдаланып, барлық мәдениет және өнер қызметкерлерін мерекелерімен құттықтаймын. Еңбектеріне толағай табыс тілмейін», – дейді мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Рамазан Құлет.
Ел мен жер — оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары — біздің басты байлығымыз. Табиғатты қажетімізге мейлінше пайдалану мен бірге оны таза, көркем етіп сақтап қалу, бүгінгі ұрпақтың парызы.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.