Жанкелдин ауданында үйірлі шегірткелерді болдырмау мақсатында жоспарланған жерлерді өңдеу жұмыстары басталды

Қауіптің алдын алған абзал

Қазақстанда шегіртке жәндіктерінің 270 түрі мекендейді екен. Олардың 10-15 түрі дәнді, көкөніс дақылдарының, жайылымдар мен шабындықтардың қауіпті зиянкестері болып саналады. Шегірткелердің ең қауіпті және зиянды түрлері – азиялық, мароккалық және итальяндық прус.

Шегірткеге қарсы өңдеудің қиындығы – олардың өршуін болжау қиын. Кейінгі үш-төрт жылдың ішінде аудан көлемінде зиянкестер арасында ұялы шегірткелердің, соның ішінде аса қауіпті деп танылған шегіріткелер Итальяндық прус және де Азиялық деп аталатын екі түрі біздің аудан көлемінде жыл сайын бой көрсетіп келеді. Шегіріткелер жылына бір ұрпақ береді. Ол жыл сайын күзде жұмырткасын жерге салып , өз ұрпағын артына молынан қалдыратын зиянкес. Қыстың аязы, күздің қара суығы, жаздың аптап ыстығымен, көктемнің ылғалды ызғарына төтеп беретін шегірітке жұмыртқалары күн қыза қайта дернәсілдері шыға бастайды. Оның өсуі бес сатыдан тұрады. Сондықтанда жұмыртқа салу мерзімінен жеткізбей 2-3 сатыда химиялық жолмен шара қолдану керек. Бұл үшін газогенератормен, ұшақпен , дельтапланмен жұмыс атқарған тиімді.

Өңірімізде үйірлі шегірткелерге қарсы болжамдалған химиялық өңдеу көлемі 145,713 мың гектарды құрайды. Оның ішінде итальяндық прусқа қарсы 142,713 мың гектар, ал азиялық шегірткеге 3,0 мың гектар. Осыған орай күні кеше үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары басталды. Жоспар бойынша 1,3 мың гектар өңдеуге жататын жердің 0,118 мың гектары өңделенген.

«ҚР АШМ АӨК МИК «Фитосанитария» РММ ШЖ құқығындағы «К – 6» бірлік пилотсыз әуе жүйелермен (ДРОНДАРМЕН) және «БАҒЖАН» ЖК 1 бірлік жер үсті вентилоторлы бүрүккішімен өңделуде. Алдағы уақытта басқа да ауыл аймақтардағы жерлерді өңдеу үшін қосмыша техникалар жұмылдырылады. Шабындық пен жайылымнан үйірлі шегірткелерді байқаған адамдар бізге хабарласып, тиісті жерді айтса, уақытылы улап, қауіптің алдын аламыз», – дейді жауапты мекеменің мамандары.

Байбатыр АХМЕТБЕК

Редактор

Recent Posts

Жангелдин ауданында жастарға жұмыс пен бизнес бастауға мүмкіндік жасалып жатыр

Жангелдин ауданында жастарды жұмыспен қамту және кәсіп бастауына қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ауданда…

20 часов ago

«Орталық – Батыс» жолының құрылысы қашан қайта жанданады?

Қостанай облысында тұрғындар «Орталық – Батыс» автожолының Торғай – Ырғыз учаскесінің құрылысына қатысты сұрақ қойды.…

2 дня ago

Жангелдин ауданында 2 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады

Жангелдин ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 19 білім беру ұйымында «Ыбырайдың қоңырауы –…

3 дня ago

Торғай тарихын кім жақсы біледі?

Қостанайда зияткерлік квиздің жеңімпаздары анықталды (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.