Ынтымақ- ел ырысы
Аудан тұрғындары Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті.
Орталық алаңға жиналған тұрғындар мерекеге арналған шеруді тамашалады. Мекеме, кәсіпорын қызметкерлері сап түзеп, шеруде ән салып, көрермендерге көңіл күй сыйлады.
Аудан әкімі Дінмұханбет Бидашев аудан халқын айтулы мерекемен құттықтады. Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан елдің көші ілгері болатынын тілге тиек етті.
“Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын. Төскейде малы, төсекте басы қосылған елдің ертеңі күмәнсіз болады. Ауызбіршілік бар жерде, әлеуметтік экономикамыз қарыштап дамиды. Сіздер қашанда жергілікті билікпен бірге қоян- қолтық жұмыс жасап, аудан өңірінің дамуына үлес қосып келесіздер. Бүгінгі мереке күн әр шаңыраққа бақыт, байлық, ырыс несібе тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын”,-деді аудан әкімі.
Орталық алаңға жиналған халық мерекелік концертті тамашалап, рухани демалып қайтты.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.