Әр отбасының байлығы бала бақыты
1 маусым- “Халықаралық балалар күні” мерекесі ерекше өтті.
Орталық алаңға жиналған балалар таңғажайып мерекенің куәсі болды. Дала сахнасында әуезді ән, мың бұралған би билеп жас өнерпаздар мерекенің шырайын келтірді. Аудан әкімінің орынбасары Дінмұханбет Бидашев бғлдіршіндерді мерекемен құттықтады.
“Біздің болашағымыз бала. Әр отбасының бақыты мен қуанышы.” Балалы үй базар” деген. Әрбір жанұяда сәби үні естілсе, шексіз бақыт. Мемлекет тарапынан балаларға қолдау көрсетіліп келеді. Олардың құқығы қорғалған. Сондықтан біздің тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағы балалар. Келешегіміз кемелді, болашағымыз баянды болсын “,- деді аудан әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар, республикалық дәрежеде өнер, білім, мәдениет, спорт саласында жетістікке жеткен оқушылар аудан әкімінің алғыс хаттарын тапсырды.
Орталық алаңда қызықты ойындар ойнатылды. Асфальтқа сурет салған балалардың арасынан жеңімпаздар анықталып марапатталды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.