Жергілікті өнім арзан бағада
Бұл жолғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ерекше болды. Баға да көңілге қонымды. «Торғай» базарындағы өнімдер құнарлы топыраққа өсіп шыққан жеміс – жидек, көкіністер. Бау – бақша бағбаны атанған Әбдуманат Шәйбекұлының жаздың аптаған ыстығында маңдай тері сорғалап, адал еңбектің арқасында еккен дәмді жемсітері.
«Сатылымдағы қарбыз, картоп, асқабақ бағалары 200 теңге, қауын 350 теңге, қызанақ 450 теңге, қияр 400 теңге. Бұл баға ұсынымы азық – түлік дүкендеріндегі тауарлармен салыстырғанда әлде қайда арзан. Жаз бойы Шымкенттен келген қарбыз – қауындардың бағасына қарамай сатып алдық. Өзіміздің жерде егілген қарбыздың дәмі тіл үйіреді. Тамсансаңыз таңдайыңызға шырындай бал дәм сезіледі. Әрі қоспасы жоқ таза өнім. Сондықтан шымкенттіктерге шығындана бергенше, Әбдуманаттың әмиянын толтырайық. Бір жағынан жергілікті еңбек адамына үлкен қолдау болады», – дейді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ботагөз Саматова.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне А.Байтұрсынұлы ауылынан сүт өнімінен жасалған құрт, ірімшік, айран сатылымға шықты. Күнделікті тіршілігімізде мән бере бермейтін тоңмай да сатылды. Ақкөл ауылына қарасты «Саға» көлінде тайдай тулаған сары сазандарды тұтынушылар таласып – тармасып алды.
Дәл осындай арзан бағада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі апта сайын өтіп отырса, нарықтық бағаға деген бәсекелестік артар еді. Тұтынушылардың да қатары көбейіп, сұранысқа ие өнімдерді орталық базардан қиналмай табар едік.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.