Жарқын өмір сыйлаған жандар
Өткен жылы Қазақстан Республикасындағы мереке күндері қатарына 12 мамыр “Аналар күні” мерекелік күнтізбесіне енді.
Әлемнің жарығын сыйлаған асыл анаға қандай құрмет көрсетсе де артық емес. Себебі, ана әлемнің сегізінші кереметі санатында. Бір күндік мерекемен ғана шектелмей, күн сайын тіпті, сағат сайын ыстық ықылас пен шексіз мейірімділік сыйласа да еш артықшылығы болмайды. Ана-өмірдің шырағы, арайлы күннің нұры. Күні бүгінге дейін аналарға арналған мерекелік іс- шара біздің ауданда толастаған жоқ. Мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің бастамасымен, аудандық кітапхана, аудандық тілдерді оқыту орталығы, аудандық мәдениет үйі ұжымы мәдени шаралардың мәнін келтіруде. Мәселен, бүгін “Күміс алқа” иелерімен тағылымды кездесу кеш болды. Алтын құрсақты аналар бала тәрбиесімен қатар, қоғамдағы тың идеяларға үлес қосып жүр. Солардың бірі Сәуле Омарова мен Гүлім Тәкібева тамаш кештің қадірлі қонақтары болды. Көпшілікпен ой бөлісіп, өмірдің мәні болған балалардың тәрбиесі жайлы әңгіме өрбітті.
“Бұл мереке әр адам үшін айтулы күн,себебі адам үшін ананың орны ештеңемен бағаланбайтын асыл дүние. Әйел-ананың қоғамдағы, отбасындағы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін айқын. Отбасылық құндылықтарды дәріптеп, даналықтың үлгісін жалғап келеді. Кез келген халықтың өз алдына ұлт болып ұйысуына, егемен ел, дербес мемлекет болып қалыптасуына, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуде әйел – аналардың еңбегі орасан зор”, — дейді ұйымдастырушылар.
Өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі болып жүрген ардақты аналарымыз жалғанда жақсы адамның жадынан өшпесі хақ. Өмірлері өнегемен өрілген алтын құрсақты аналар аман болсын.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.