Бірлігі бекем, ынтымағы берік ауыл
Алаш зиялысы, ақын, жазушы, аудармашы, азақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойында Саға ауылының азаматтары зор үлестерін қосты. Ел перзенттері бұған дейін туған жерлерінің әлеуметтік дамуына мұрындық болды. солардың арқасында ауылдың тамырына қан жүгіріп, келбеті өзгерді. Демеушілік жасап, ел игілігі үшін аянбай тер төкті. Міржақып атамыздың тарихи тойы кезінде көптеген іс – шара Бидайық ауылында өтті. Сол уақытта Арқалық қаласының тұрғыны, ауыл азаматы, «Өтей» баба ұрпағы Ерден Социалұлы 12 қанатты киіз үйлерді жабдықтап, өзі демеушілік жасады. Сырттан келген мәртебелі меймандар ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты. Ал, ел перзенті Боранбай Кентаұлы өз атынан атамыздың асына деп 500 мың теңгеге семіз жылқы сойып берді. Арқалық қаласы «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер орталығының басшысы, ауыл тумасы Ербол Жаңбыршыұлы киіз үйлердің маңайын көрнекі құралдармен безендірді.
Астана қаласының тұрғыны Марат Мұханбетқалиұлы «Өтей» баба ұрпақтарының басын қосып, игілікті шараға ұйытқы болды. Олар ауылдағы М.Дулатұлының атындағы жалпы білім беретін мектебіне «Проектор», «Музыкальық шағын аппарат», «Екі микрафон», «Екі портрет» және ауылдық клубқа терезе перделерін сыйға тартты.
Елеулі еңбек ел есінде қалады. Дәл осындай атымтай – жомарт азаматтар көп болса, кез келген ауылдың әлеуеті артып, экономикасы дамиды. Барды бағалай білудің өзі бір құрмет. Осы орайда Қызбел ауылдық округ әкімі Қайсар Нұрғазин жоғары да есімі аталған азаматтарға ауыл тұрғындарының атынан алғыс айтып, аудан әкімінің грамоталарын салтанатты түрде табыстады.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Суретті түсірген: Айгерім ҚОЖАХМЕТОВА
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.