Ұлттық құндылық қастерленген күн.
Жангелдин ауданының тұрғындары әз — Наурыз мейрамын орталық алаңда қарсы алып, ән мен жыр, думанды күнге айналдырды.
Шеруде сап түзеген мекеме, кәсіпорын басшыларының жеткен жетістері айтылып, ел алдында мерейлі өсіп қалды. Аудан әкім Шота Оспанов жергілікті тұрғындарды “Ұлыстың ұлы күні” әз — Наурыз мейрамымен құттықтады.
“Күн мен түн теңелген уақытта жер ана бусансып, жер бетіндегі тіршілік атаулыға жан бітеді. Бұл күні адамзат баласы, бір — біріне мейірімділік танытады. Жалпы, былтырғы жылы ауданымызда бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Әрине, оның барлығы ел игілігі үшін. Алдағы жаз айында да толайым істердің куәсі боласыздар. Сондықтан баршаңызға амандық тілеймін. Әр шаңырақта тек қуаныш болсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын ағайын. Бірлігіміз бен ынтымағымыз тарқамасын”, — деді аудан басшысы.
Мерекелік құттықтаудан кейін әуезді ән айтылды. Мың бұралған бишілер дала сахнасын сәнге бөледі. Домбырашылар күмбірлетіп күй тартты. Орталық алаңдағы аудан жұртшылығы наурызкөже мен шелпек нан таратылды. Алтыбақан маңында бозбала мен бойжеткендер сауық құрды. Спорттық ойындарда бақ сынаған білектілерге жанкүйер қолдау көрсетіп жатты. Қыдыр ата Торғай халқына ақ батасын берді. Киіз үйлерде қонақасы берілді. Осылайша торғайлықтар қазақтың жаңа жылы әз — Наурыз мейрамын дәстүрлі думанға айналдырды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Қосылбай Құтмағанбетов – ширек ғасырға жуық уақытын өрт сөндіру қызметіне арнаған тәжірибелі маман. (далее…)
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралды. (далее…)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына іссапары барысында Торғай…
2027 жылғы көктемгі су тасқынына дайындық облыс әкімдігінде өткен аппарат кеңесінде талқыланды. (далее…)
Туған жерді түлету ағаш отырғызудан басталады. (далее…)
This website uses cookies.