Бүгін Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 26 жыл
Осыған орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Жиында мемлекеттік Әнұран шырқалды. Жангелдин ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Қанат Достаев аталған сала қызметкерлерінің міндеттері мен атқарған қызметтеріне тоқталып, баяндама жасады.
Аудан әкімі Шота Оспанов айтулы мерекелерімен құттықтап, олардың өз ісітеріне адал және жауапкершілікпен қарай білетін бейбіт заманның батырлары екендігін тілге тиек етті. Бірқатар қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттады. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы осы саланың ардагерлері мен жас мамандарына грамоталар табыстады.
Саналы ғұмырларын құтқару қызметіне арнаған ардагерлер Бауыржан Жамалиев, Асқар Қойгелдин өздерінің ақ тілектерін білдіріп, кейінгі жас буын өкілдерінің қызметтеріне абырой тілеп, естелік сыйлықтар тапсырды. Төтенше жағдайлар бөлімінде қызмет жасап жүрген әкелерін қадір тұтқан бүлдіршіндер жыр шумақтарын арнады. Мерекелік жиын соңы концерттік бағдарламаға жалғасты.
– Біздің ең басты міндетіміз төтенше жағдайлардың алдын алып, дер кезінде тойтарыс беру. Қазіргі таңда материалдық базамыз талапқа сай. Өрт сөндіру көліктеріде жеткілікті. Тек ескіргені болмаса. Әсіресе, жаз айларында дала өрттері көп болады. Сондықтан біз үнемі сергектік танытып, қай уақытта болса да сақадай – сай дайын отырамыз. Зіл зала апаттардан қорғай азаматтық борышымыз, – дейді төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жангелдин ауданында жастарды жұмыспен қамту және кәсіп бастауына қолдау көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл ауданда…
Қостанай облысында тұрғындар «Орталық – Батыс» автожолының Торғай – Ырғыз учаскесінің құрылысына қатысты сұрақ қойды.…
Биыл мұнда сафлор алқабы 30 пайызға артты (далее…)
Жангелдин ауданында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 19 білім беру ұйымында «Ыбырайдың қоңырауы –…
Қостанайда зияткерлік квиздің жеңімпаздары анықталды (далее…)
This website uses cookies.